Қостанайда жаңа үлгідегі 10 мың көлік шығарылады

Биыл Қостанайдың көлік өнеркәсібі жаңа үлгідегі  10 мың көлік шығаруды көздеп отыр. Кең ауқымды бұл жоба қытай және өзбек инвесторларымен ынтымақтастықтың арқасында жүзеге аспақшы деп хабарлайды alau.kz.

Былтыр Қостанай облысында жүк көліктері мен ауыл шаруашылығы техникасы өндірісі артқан.  2016 жылы алғаш рет 12 электромобиль құрастырылды. Кәсіпорын өкілдерінің айтуынша, биыл электрмен жүретін көліктер топ-тобымен шығарыла бастайды.

«СарыарқаАвтопром» ЖШС бірлесе автобус шығару жұмысын бастады. «Узавто» кәсіпорнымен жұмыла отырып  ірі-желілік  құрастыру әдісімен жеңіл және жүк көліктерді құрастыруды қолға алынбақшы.  Бұл  отандық көлік құрастыру саласында аймақтың алдыңғы орынды сақтап қалуына үлес қосатын болады. 2016 жылы өнеркәсіпті 50 пайызға дейін жерсіндіру мақсатында саланы одан әрі дамыту үшін  Өнеркәсіптік аймақ құрылысы басталды» деп мәлім етті Қостанай облысы әкімінің орынбасары Роза Кемалова.

Өнеркәсіптік аймақты дамытудың алғашқы кезеңінде, дейді Роза Кемалова, қытайлық серіктестермен бірлесіп көлік бөлшектерін шығаратын зауыт салу жоспарда бар. Биыл  әкімшілік-тұрмыстық кешен ғимараты бой көтереді.

Ал аймақты жалпы дамыту ға келсек, ол  отандық көлік өнеркәсібін инвестициялық тартымды етеді деп атап өтті облыстық әкімдіктегілер.

«Қазір 2 бағытты қарастырып отырмыз. Оның бірі бірі қытайлық серіктестермен JAC-тың бірнеше моделін шығару. Қазір ол іс басталып та кетті.  Қондырғы толықтай зауытқа әкелінді. Монтаждау жүріп жатыр.  Алдағы уақытта JAC S3, S5 секілді танымал модельдерді шығара бастаймыз.  Биыл   аталған модельдің кемінде 300 данасын шығарып, саудалаймыз» деп атап өтті Қостанай облысының әкімі Архимед Мұхамбетов.

Облыс басшысы 2017 жылы шығарылған көліктер толық көлемде сатылатындығына сенімді.  Оның бір дәлелі – салыстырмалы түрде алғанда арзандығы.  Өзбек әріптестермен  ынтымақтастыққа да зор сенім артылып отыр.

Қостанайдың кәсіпорны негізінде  қол қойылған келісімнің арқасында аса қымбат емес көліктер түрін шығару жоспарланған.

«RAVON моделі орташа алғанда  2 млн 600 – 2 млн 700 млн теңгедей болады. Ал бүгінде LADA Priora-ның ең арзаны 3,5 млн теңге тұрады. Яғни 900 теңгеге дейін арзан.  Сапасы өте жақсы. 700 данасын қазірдің өзінде Өзбекстанға саудалау жөнінде келісім бар», – деді аймақ басшысы.

Архимед Мұхамбетовтың айтуынша, тек екі бағыт бойынша 2017 жылы Қостанай облысында 10 мың көлік шығарылады. Peugeot, SsangYong және тағы басқа да өзге көлік маркалары шығарылатын ескерсек, бұл  2016 жылғы көрсеткіштен екі есе көп.

alau.kz

Мынаны да қараңыз

Арқалықта әйел кәріз құдығына құлап кеткен

Арқалықта полиция қызметкерлері кәріз құдығына құлап кеткен әйелді құтқарды, деп хабарлайды tobyl-torgai.kz. Учаскелік полиция инспекторы ...

Пікір қалдыру

Сіздің e-mail жарияланбайды. Толтырылуы міндетті *