ҚР СІМ басшысы Қайрат Әбдрахманов Астанадағы сириялық келіссөздер бойынша қорытынды мәлімдеме оқыды деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
23 қаңтарда шамамен сағат 14.00-де басталған келіссөздер 24 қаңтарда түстен кейінгі уақытта аяқталды. Ресей, Иран және Түркия өкілдері дайындаған қорытынды құжаттың мәтінін Қазақстанның Сыртқы істер министрі Қайрат Әбдрахманов оқыды.
«Оқ атуды толықтай тоқтатуды, арандатудың жоқтығын және барлық тиісті мәселелерді қадағалайтын үшжақты механизм жасау туралы шешім шығарылды. Біз Қазақстанда тыйым салынған ДАИШ-қа қарсы күресті жалғастыруға дайын екенімізді және оларды қарулы оппозицияның басқа бөлігінен бөліп қарауға дайынбыз. БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің 2254 резолюциясына сәйкес келіссөздерді шұғыл бастау керек деген пікірдеміз» деді қорытынды мәлімдеменің мәтінін оқыған ҚР СІМ басшысы.
Қайрат Әбдрахманов келіссөз процесінің қатысушылар Сирия бойынша Астанада өткен халықаралық кездесудің Сирия үкіметі мен оппозициясының арасындағы тікелей диалог үшін тиімді алаң екенін атап өткенін хабарлады.
«Оппозициялық қарулы топтардың келіссөздердің келесі кезеңіне қатысу ниетін қолдаймыз. Үкімет пен оппозиция арасындағы бұл келіссөздер 2017 жылдың 8 ақпанында Женевада БҰҰ қарасты өтеді. Халықаралық қауымдастықтың барлық мүшесін БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің 2254 резолюциясымен келісілген барлық іс-шараның жүзеге асырылу саяси процесін қолдауға шақырамыз. Астана платформасында БҰҰ аясында сириялық саяси процесті қамту үшін, жаһандық процестерге үлес қосу үшін белсенді әрекеттестікте болу туралы шешім шығардық» делінген Ресей, Иран және Түркия өкілдерінің қорытынды мәлімдемесінде.
ҚР СІМ басшысы Сирия бойынша келіссөздерге қатысушылардың қабылдаушы тарапқа алғыс білдіргенін атап өтті.
tengrinews.kz