Астана су тасқынына дайындалуда

Астана қаласы Төтенше жағдайлар департаменті жергілікті атқарушы органдармен бірлесе көктемгі су тасқынын өткізуге дайындық шеңберінде мәселелі учаскілерді аралау жұмыстарын бастады. Елордада су тасқынына көбінесе жеке тұрғын секторлары ұшырайды деп хабарлайды astana.kz.

Кіші Талдыкөлдің су жиналатын ауданына шығу барысында су жинағышта жиналған суларды бұрып ағызып жіберу және Тұран даңғылы бойымен қорғау дамбасын көтеру мәселесі қаралды. Атқарылатын іс-шаралар көктемгі су тасқынына байланысты төтенше жағдайлардың алдын алуға, сонымен қатар, мердігерлік мекемелердің атқарған жұмыстарына бақылау жасауға мүмкіндік береді. Мамандардың айтуынша, су тасқынының алдын алу мақсатында жеке тұрғын секторларының тұрғындарына өз үйлерінің шатырындағы және ауладағы қарды, жақын аумақтағы өз қоршауынан жол бойына дейінгі қарды тазалап, жүретін жолдың шетіне дейін шығарып, алдын алу шараларын қолға алулары қажет. Су басып кету туралы хабарлама алғанда шатырға немесе басқа қауіпсіз орынға, жоғары қабатқа құнды заттарды және азық-түліктерді апару; өзіңізбен алып жүруге қажетті заттарды (құжаттарды және ақшаны су сіңбейтін пакетке түю) және құндылықтарды, 2-3 күнге жетерлік азық-түлікті буып-түйіп, дайындау; сонымен қатар, үрленетін матрастар, камералар, пластмастан жасалынған канистрлер және бөтелкелерді, пышақ пен арқан да дайындау керек.

astana.kz

Мынаны да қараңыз

Арқалықта әйел кәріз құдығына құлап кеткен

Арқалықта полиция қызметкерлері кәріз құдығына құлап кеткен әйелді құтқарды, деп хабарлайды tobyl-torgai.kz. Учаскелік полиция инспекторы ...

Пікір қалдыру

Сіздің e-mail жарияланбайды. Толтырылуы міндетті *