Димаш Құдайберген ІІ кезеңде І орын алды

Қазақстандық әнші Димаш Құдайберген I Am a Singer музыкалық конкурсының екінші кезеңінде 1-орынды жеңіп алды деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Әншінің продюсері Алпамыс Шаримов бұл мәліметті растады.

«Тағы да cүйінші! Жеңіс қолда, ағайын! Димаш қойылған тапсырманы 100% орындады. Халық бірінші орын берді. Димаш «қазақтың Витасы» емес, «қазақтың Димашы» екенін дәлелдеді! Бұл екінші жарыс күні! Алда әлі талай сын бар» деп жазды продюсер Instagram желісінде.

Ал Youtube хостингінде әншінің  «Опера 2» атты туындысын орындаған видеосы пайда болды.

Айта кетейік, осыған дейін Димаш Құдайбергенов өзін Витаспен салыстырмауды сұраған болатын. Оның айтуынша, ресейлік әнші Витаспен салыстыратындар көп. «Қайырлы кеш, Достар! «Қазақтың Витасы», «Витас сияқты айтады», «Екінші Витас» деген маған теңеу сөздеріңізді естіп жатамын! Әрине, Витас жақсы әнші, оны құрметтеймін, бірақ мен «Екінші Витас» емеспін! Музыкадан xабары бар мамандар мені жақсы түсінеді!» деп жазған еді әнші.

Еске сала кетейік, Димаш Құдайберген телешоудың бірінші кезеңінде SOS d’un terrien en détresse әнін француз тілінде орындап, жеңімпаз атанған болатын. Әнші қатысып жатқан конкурста 14 кезең бар. Конкурс Қытайдың Чанша қаласында өтіп жатыр. Менеджерінің айтуынша, Димаш Құдайберген осы конкурсқа қатысу үшін имиджін өзгертіпті. «Димаштың имиджін өзгерттік. Осындай «лук». Бұл The voice емес, бұл атақты әрі өнер жолында танылып үлгерген әншілердің конкурсы» деген еді мұның алдында әншінің продюсері А.Шаримов. Айтуынша, I Am a Singer конкурсының бесінші маусымы қытайдың рейтингі ең жоғары Hunan TV телеарнасында таратылады.

 

tengrinews.kz

Мынаны да қараңыз

Қостанай облысында әкім асылып қалған

Қостанай облысындағы Пресногорковский ауылдық округінің әкімі Тастемір Тұрсынбаев асылып өлген күйінде табылды, деп хабарлайды tobyl-torgai.kz. ...

Пікір қалдыру

Сіздің e-mail жарияланбайды. Толтырылуы міндетті *