Қазақстан қор биржасында (KASE) шетел валюталарымен күндізгі сауда-саттық сессиясы аяқталды. Спот-нарығындағы сауда-саттықтың қорытындысы бойынша:
— есептесуі теңгемен Т+0 АҚШ долларының (USDKZT_TOD) орташа сараланған бағамы 326,52 теңгені құрады, сауда-саттық көлемі 37 700 мың АҚШ долларын құрады;
— есептесуі теңгемен Т+1 және Т+2 АҚШ доллары бойынша мәмілелер жасалған жоқ, сессия жабылар сәтте KASE сауда-саттық жүйесінде баға белгілеулер тіркелген жоқ;
— есептесуі теңгемен Т+0 еуроның (EURKZT_TOD) орташа сараланған бағамы 350,50 теңгені құрады, сауда-саттық көлемі — 200 мың еуроны құрады;
— есептесуі еуромен Т+1 және Т+2 АҚШ доллары бойынша мәмілелер жасалған жоқ, сессия жабылар сәтте KASE сауда-саттық жүйесінде баға белгілеулер тіркелген жоқ; — есептесуі еуромен T+0, Т+1 және Т+2 теңге бойынша мәмілелер жасалған жоқ, сессия жабылар сәтте KASE сауда-саттық жүйесінде баға белгілеулер тіркелген жоқ;
— есептесуі Т+0 теңгемен Ресей рублінің (RUBKZT_TOD) орташа сараланған бағамы бір рубльге 5,4469 теңгені құрады, сауда-саттық көлемі 176 000 мың рубль болды. Таңертеңгілік және күндізгі сессияның қорытындысы бойынша АҚШ долларының орташа сараланған бағамы бір долларға 326,25 теңгені (-2,48 теңге) құрады, сауда-саттықтың жиынтық көлемі — 74 000 мың (-11 350 мың USD). Валюталық своп операциялары нарығында:
— USDKZT_0_001 бойынша орташа сараланған кірістілік жылдық +6,5000 % құрады, сауда-саттық көлемі 10 500 мың USD болды.
— USDKZT_0_002 бойынша орташа сараланған кірістілік жылдық +6,1649 % құрады, сауда-саттық көлемі 924 600 мың USD болды.
— EURKZT_0_001 және EURKZT_0_002 бойынша мәмілелер жасалған жоқ, сессия жабылар сәтте KASE сауда-саттық жүйесінде баға белгілеулер болған жоқ. Сауда-саттыққа 23 банк қатысты.
inform.kz