Елімізде мемлекеттік қызметкерлердің аттестациясы басталады

Ертең, 1 ақпанда Қазақстанда «Б» корпусына кіретін мемлекеттік қызметкерлердің аттестациясы басталады деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің ақпаратына сәйкес, аттестация үш бағытта жүреді. Алдымен департамент директорлары, облыстық басқарма басшылары, сондай-ақ, Президент Әкімшілігі мен Премьер-Министр кеңсесінің қызметкерлері сынақ тапсырады. Олардың дайындығын Жоғары аттестациялық комиссия тексереді. Аталған кезең наурыздың 15-сіне дейін жалғасады.

Екінші деңгейде министрліктер мен облыс әкімдіктерінің аттестациялық комиссиялары орталық мемлекеттік органдарда істейтін қызметкерлерден, сондай-ақ, ауылдық округ әкімдерінен сынақ қабылдайды. Бұл жұмыс мамырда аяқталады. Ал аудандағы аттестациялық комиссиялар аудан мен ауылдың мемлекеттік қызметкерлерін тексеріп шықпақ. Үшінші деңгейге жататын бұл кезең маусым айына дейін жалғасады.

Айта кетейік, бұған дейін Астанада өткен баспасөз мәслихатында Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігі төрағасының орынбасары Айгүл Шайымова тест тапсырмалары туралы айтқан болатын. «Б» корпусына кіретін мемлекеттік қызметшілер аттестацияны бейнебайланыс арқылы тапсыра алады. Сондай-ақ бірқатар қызметші аттестациядан босатылады.

inform.kz

Мынаны да қараңыз

Арқалықта әйел кәріз құдығына құлап кеткен

Арқалықта полиция қызметкерлері кәріз құдығына құлап кеткен әйелді құтқарды, деп хабарлайды tobyl-torgai.kz. Учаскелік полиция инспекторы ...

Пікір қалдыру

Сіздің e-mail жарияланбайды. Толтырылуы міндетті *