Астанада Сириядағы жағдайды реттеуге қатысты техникалық кездесу аяқталды

Ресей Федерациясы Қарулы Күштері Бас штабының Жедел басқару басшысының орынбасары, Ресей делегациясының басшысы Станислав Гаджимагамедов Астанаға келген делегациялардың Сириядағы жағдайды реттеуге дайын екенін мәлімдеді деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Ресей, Түркия және Иран, сондай-ақ, БҰҰ өкілдері бүгін, 6 ақпанда Астанада Сириядағы жағдайды реттеуге қатысты техникалық кездесу өткізді. Отырысқа қатысушылар Сириядағы соғысты қалай тоқтатуға болатынын және елді қауіпсіздікпен қамтамасыз ету үшін қалай тиімді бақылау жүргізу керектігін, қандай шараларды қолдану қажеттігін талқылады.

Айта кетейік, бүгін Астанада Сириядағы жағдайды реттеуге қатысты халықаралық техникалық кездесу басталған болатын.

«Астанада Сириядағы жағдайды реттеуге қатысты халықаралық техникалық кездесу басталды. Кездесуге Ресей, Түркия, Иран және БҰҰ өкілдері қатысып жатыр. Сондай-ақ Иордания өкілдері де қатысуы мүмкін» деген еді ҚР СІМ баспасөз қызметінің басшысы Әнуар Жайнақов.

 

tengrinews.kz

Мынаны да қараңыз

Арқалықта әйел кәріз құдығына құлап кеткен

Арқалықта полиция қызметкерлері кәріз құдығына құлап кеткен әйелді құтқарды, деп хабарлайды tobyl-torgai.kz. Учаскелік полиция инспекторы ...

Пікір қалдыру

Сіздің e-mail жарияланбайды. Толтырылуы міндетті *