Атап айтқанда, «ҚазМұнайГаз» жанармай құю бекеттерінде АИ-92 бензинінің бағасы литріне 137-ден 139 теңгеге дейін өсті. Осында АИ-95 бензині 150 теңгеге сатылуда. ҚМГ-де құны бойынша бензин төмен бағамен өткізіліп келді. Бұдан бұрын бұл бекеттерде желтоқсанның басында литріне 128-ден 133 теңгеге дейін көтерілді, ал кейіннен 137 теңге деңгейінде қалыптасты. Сонымен қатар бензин бағасы «Sinooil» жанармай құю стансаларында да қымбаттады. Бұл компанияда АИ-92 маркалы бензині 140 теңгеге, АИ-95 маркасы 152 теңгеге сатылып жатыр. «Helios» жанар-жағармай құю бекеттерінде АИ-92 бензині 138 теңге, АИ-95 отыны 150 теңге сомасында саудалануда. Бұдан бөлек, «Аурикада» АИ-92 маркасының құны 145 болса, АИ-95-тің бағасы 161 теңгені құрап тұр. «Газпромнефть» жанамай құю желісінде АИ-92 бензині құны жақында 139-дан 141 теңгеге дейін өсті. АИ-95-тің литрі үшін жүргізушілер 153 теңге төлеп жатыр. Еске салайық, 2015 жылдың қыркүйек айының басында Қазақстанның монополияға қарсы күрес органдары Аи-92 және Аи-93 бензиндерін мемлекеттік реттеуден бас тартқан болатын. Өткен жылы 28 маусым күні дизельді отынның бағасын да еркіне жіберілгені белгілі болды.
tobyl-torgai.kz