Путин қостанайлық ардагерлерді не үшін марапаттады?

Ресейдің Қазақстандағы елшілігінің кеңесшісі Елена Лысенко Қостанайда тұратын соғыс ардагерлері мен олардың отбасыларына марапаттар табыс етті деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.
Ордендер және медальдармен бірге табыс етілген куәліктерге Ресей Президенті Владимир Путиннің қолы қойылған. Қостанай ардагерлер кеңесінде соғыс ардагері Василий Коштенконың ұлы мен немересіне «Қызыл Жұлдыз» ордені салтанатты түрде тапсырылды. Сондай-ақ Ресей елшілігінің кеңесшісі ардагерлер Бертран Рубинштейн мен Михаил Кондратенконың үйіне барып қайтты.

«1941 жылдың желтоқсан айында, қақаған аязда кеңес әскері өз жанын қиып, кеңес мемлекетінің астанасы — Мәскеу қаласын қорғады. Құрметті ардагерлер, Мәскеу үшін айқастың 75 жылдығына орай Ресей Президентінің атынан естелік төсбелгілерді табыс етуге рұқсат етіңіздер», — деп атап өтті Елена Лысенко.

inform.kz

Мынаны да қараңыз

Арқалықта әйел кәріз құдығына құлап кеткен

Арқалықта полиция қызметкерлері кәріз құдығына құлап кеткен әйелді құтқарды, деп хабарлайды tobyl-torgai.kz. Учаскелік полиция инспекторы ...

Пікір қалдыру

Сіздің e-mail жарияланбайды. Толтырылуы міндетті *