Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Алматы қаласында Ресей Федерациясының Президенті Владимир Путинмен кездеседі. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.
«27 ақпанда Нұрсұлтан Назарбаев Алматы қаласында Ресей Федерациясының Президенті В.Путинмен кездеседі. Келіссөз барысында екіжақты ынтымақтастықтың кең ауқымды мәселелері, сондай-ақ, күн тәртібіндегі өңірлік және халықаралық жайттар талқыланады деп жоспарланып отыр» делінген хабарламада.
Кремль сайтының мәліметінше, Қазақстан және Ресей мемлекет басшылары сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық саладағы, эәнергетика мен ғарыш, сондай-ақ, күн тәртібіндегі басты халықаралық мәселелерді талқылайды.
Содан кейін, сол күні Владимир Путин Тәжікстан Республикасының президенті Эмомали Рахмонның шақыртуымен Душанбе қаласына барады. 28 ақпанда Ресей Президенті ресми сапармен Қырғызстанға сапарлайды.
tobyl-torgai.kz