Үкімет қазақстандықтардың оффшорын бақылауға алуы мүмкін

Қазақстан оффшорлық аймақтармен қаржы мәліметтерін автоматты алмасып отыру туралы келісімге келуі мүмкін. Бұл туралы ҚР Қаржы министрлігінің кеңейтілген алқа отырысында Мемлекеттік кірістер комитетінің төрағасы Ардақ Теңгебаев мәлімдеді деп хабарлайды egemen.kz.

«Бизнесті көлеңкеден шығару мақсатында құзіретті органдармен қаржы есепшоттары бойынша автоматты ақпарат алмасу туралы көпжақты келіссөзге қосылу жұмыстары қолға алынуда. Осынау келісімге кіре отырып Қазақстан қазақстандықтардың шетелде тапқан табыстары туралы мәлімет ала алады. Аталған келісімге оффшорлы аймақтар да кіреді» деді А.Теңгебаев.

Естеріңізге сала кетейік, 2017 жылдың қаңтар айында Қазақстан Экономикалық Ынтымақтастық және Даму Ұйымының салықтық базаны жымқыру және табысты сыртқа алып шығуға қарсы күрес жобасына кірген еді.

Аталған жобада 15 қадам қарастырылған. Оның ішінде ішкі заңнамаға өзгерістер енгізу, бағаны белгілеу мен трансферт бойынша бірлескен жұмысқа арналған халықаралық келісімге қосылу, халықаралық салық мәселесі мен ақпарат алмасу қамтылған.

egemen.kz

Мынаны да қараңыз

Қостанай облысында әкім асылып қалған

Қостанай облысындағы Пресногорковский ауылдық округінің әкімі Тастемір Тұрсынбаев асылып өлген күйінде табылды, деп хабарлайды tobyl-torgai.kz. ...

Пікір қалдыру

Сіздің e-mail жарияланбайды. Толтырылуы міндетті *