Мемлекет басшысы автоөнеркәсіптің пайда болу тарихын айтып берді

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Қостанайда шетелдік инвесторлармен кездесу барысында қостанайлық бұрынғы автозауыттың базасында қазақстандық автокөлік өнеркәсібін дамыту идеясы қалай туындағаны туралы айтып берді деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.
Президент еске алғандай, Қостанайда кеңестік кезеңде ірі тоқыма фабрикасы салынған.
«Қостанай облысында аграрлық сектордан басқа ештеңе жоқ еді. Содан кейін фабриканың іргесі көтерілді. Фабрикаға барсам бүкіл ұжым әйелдерден тұрады екен. Маған онда бірде-бір ер адамның жоқ екенін айтты. Біз қайда барамыз сонда? Сонау кеңестік кезде КОКП бюросының мүшесі Кириленко өнеркәсіп мәселесін көтеріп жүрген болатын. Мен Қазақстанда өнеркәсіп саласы бойынша хатшы едім. Кириленкоға барып: «Сіздер Тольяттиде тағы бір зауыт салмақсыздар ма?», — деп сұрадым. Ол кезде бұл зауыт мазут бойынша қозғалтқыштарды өндіретін. Зауытты Қазақстанға беруді сұрадым. Ол шешті — зауыт осында іргесін көтерді» деді Президент «СарыарқаАвтоПром» зауытының тарихы туралы баяндай келе.
Мемлекет басшысы одан әрі дағдарыс келіп, КСРО құлағанын еске алды.
«Барлық қабырғалары сау тұр еді. Ешкім де оны қалай іске жаратуды білмеді. Станоктарға демонтаж жасала бастады. Мен сол зауытты не істесе болады деп ойлай беретінмін. Ал қазір мұндай іргелі кәсіпорынның барына қуанамын» деді Нұрсұлтан Назарбаев.
inform.kz

Мынаны да қараңыз

Арқалықта әйел кәріз құдығына құлап кеткен

Арқалықта полиция қызметкерлері кәріз құдығына құлап кеткен әйелді құтқарды, деп хабарлайды tobyl-torgai.kz. Учаскелік полиция инспекторы ...

Пікір қалдыру

Сіздің e-mail жарияланбайды. Толтырылуы міндетті *