Жаңа бағдарлама оқу үлгерімін екі есе арттырады

ҚР Білім және ғылым вице-министрі Асхат Аймағамбетов жалпы мектепте қандай бағдарламалар енгізіліп жатқанын түсіндірді деп хабарлайды tobyl-torgai.kz тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.
«Әрдайым Назарбаев Зияткерлік мектебі бағдарламасына қатысты тоқталғанда, адамдар ол жерде дарынды балалар оқитынын және осы бағдарламаны жалпы мектептерге енгізудің қажеті қанша дегенді айтады. Бұл тұрғыда айтарым, Назарбаев Зияткерлік мектептері бағдарламасы жаңартылған мазмұн аясында дәл сол қалпында жалпы білім беретін мектептерге енгізілмейді. Яғни біздің мектептерге Назарбаев Зияткерлік оқу орындары тәжірибесі мен ұстанымдары бойынша бейімделген бағдарламалар енгізілуде» деп атап өтті вице-министр.

Осы орайда ол жаңа бағдарламаны енгізудің алдында олар 30 қанатқақты мектепте апробациядан өткенін, сонымен қатар 16 бақылау мектебі болғанын еске салып өтті. Жүргізілген мониторинг нәтижесінде, жаңартылған мазмұн аясындағы бағдарламалар оқу үлгерімін екі есеге арттыруға ықпал ететіндігі анықталды. Қанатқақты мектептер арасында ауылдық әрі қалалық білім ордалары болды. Вице-министрдің сөзіне қарағанда, қазіргі кезде мектептердің 70 пайызға жуығы жаңа түрленген кабинеттермен қамтамасыз етілді. Бірнеше жыл бойы осындай кабинеттермен әрі жабдықтармен қамту үшін мақсатты трансферттер бөлінуде. Оның атап өтуінше, мұғалімдердің біліктілігін арттыру қадамдары да өзгерді. Осы орайда олар курстарды жаңартылған мазмұнмен өтіп жатыр.

inform.kz

Мынаны да қараңыз

Қостанай облысының ғылыми әлеуетін дамыту: Аризона университетімен кездесу

Еліміздің ғылыми әлеуетін арттырудың бірден-бір жолы – шетелдік дамыған ғылыми орталықтарымен тығыз қарым-қатынас орнатып, өңірлерде ...

Пікір қалдыру

Сіздің e-mail жарияланбайды. Толтырылуы міндетті *