Алматыда «HackDay» инновациялық идеялар фестивалі өтті

Таяуда «Цифрлы Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы және «Рухани жаңғыру» бағдарламасы шеңберінде Алматы қаласында ҚР Білім және ғылым министрлігі және Алматы қалалық әкімдігінің қолдауымен жыл сайынғы «HackDay» инновациялық идеялар фестивалі өтті деп хабарлайды  tobyl-torgai.kz тілшісі Білім және ғылым министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«HackDay 2018» фестиваліне 5 бағыт бойынша 3148 қатысушы қатысып, 500-ден астам жоба ұсынылды. Олар — «Ақпараттық технологиялар», «Контент және медиа», «Дизайн және анимация», «Мобильдік технологиялар және Кино», «видео» бағыттары.

Іс-шараға Алматы қаласы әкімінің орынбасары Алмас Мәдиев, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Нариман Мұқышев, Білім және ғылым министрінің кеңесшісі Майраш Тәйкенова, МУИТ ректоры Дамир Шыныбеков және кәсіпкер Қайрат Құдайберген қатысты.

Фестивальға, сондай-ақ, Machine Learning Яндекс Россия жасаушысы Тильга Сергей, ТНТ арнасының жүргізушісі Ксения Ильиных, режиссер, «Ёлки новые» фильмінің сценарисі Егор Чичканов, «Propellers» анимациялық студиясының директоры Артур Шамшадинов келді.

Іс-шара қонақтары жобаның ұйымдастырылу деңгейі мен қатысушылардың жұмыстарына жоғары баға берді. Өйткені қатысушылар 3 минуттың ішінде өз идеяларын көпшілікке таныстырып, 24 сағаттың ішінде дайындалған жобаларын көрсетті. «Propellers» анимациялық студиясының директоры Артур Шамшадинов 24 сағаттың ішінде жасалып жатқан жобалар көңілінен шыққанын айтады.

«Кейбір студиялар бұл жұмысты айлар бойы істейді, ал фестиваль шеңберінде балалар бір түннің ішінде қызықты жобалар жасап шығарды. Іс-шара көңілімнен шықты» дейді А.Шамшадинов.

Түрлі жастағы адамдар мен түрлі мамандық иелерінің басын қосқан фестиваль тек Қазақстан мен Ресейден келген қатысушылардың бастарын қосты. Олар өз білімдерін көрсете білді. Айта кеткен жөн, фестивальдің ең жас қатысушысы 10 жаста болды. Студенттермен қатар өз бағын сынап, «Мобильдік технологиялар» секциясы бойынша өз жобасын ұсынған Диана Сұлтанова мен Айсәуле Жұмабаеваның да жұмыстары лайықты бағасын алды.

HackDay фестивалінің серіктестері — «Нұрсұлтан Назарбаевтың Білім Қоры» қоғамдық қоры, Halyq Bank, Samsung және SmArt Point болды.

tobyl-torgai.kz

Мынаны да қараңыз

Құмар Ақсақалов ертең Федоров ауданына жұмыс сапарымен барады

Қостанай облысының әкімі Құмар Ақсақалов Федоров ауданына жұмыс сапарымен барады, деп хабарлайды tobyl-torgai.kz. Сапар барысында ...

Пікір қалдыру

Сіздің e-mail жарияланбайды. Толтырылуы міндетті *