Елордада жоғалған бала Ұзынкөл ауданынан табылды

Ұзынкөл ауданының полицейлері Нұр-Сұлтан қаласында жоғалып кеткен 9 жасар баланы тапты деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Оқиға 1 маусым күні Ұзынкөл ауданында болған. «Құқықтық тәртіп» жедел алдын алу іс-шарасы барысында аудандық полиция бөлімінің учаскелік инспекторы Асылбек Молдағалиев Речное ауылында жүрген бейтаныс әйел мен кәмелетке толмаған баланы байқаған. «Әйел тәртіп сақшысының сұрақтарына жауап бере алмай, мүдіріп, өзін басқа есіммен таныстырған. Нұр-Сұлтан қаласынан келгенін, құжаттарының жоғын айтқан. Бұған қоса онда баланың жеке құжаттары да болмаған» деп атап өтті полицияның баспасөз қызметіндегілер.

А. Молдағалиев әйел мен баланы бірден ақпараттық жүйелер базасы арқылы тексерген.  Белгілі болғандай, 9 жасар бала Нұр-Сұлтан қаласында жоғалып кеткен. Баланың анасы ата-ана құқығынан айырылғаны және баласын заңсыз алып кеткені анықталды. Полиция қызметкерлері баланы әкесіне тапсырды.

 

Мынаны да қараңыз

Арқалықта әйел кәріз құдығына құлап кеткен

Арқалықта полиция қызметкерлері кәріз құдығына құлап кеткен әйелді құтқарды, деп хабарлайды tobyl-torgai.kz. Учаскелік полиция инспекторы ...

Пікір қалдыру

Сіздің e-mail жарияланбайды. Толтырылуы міндетті *