Қостанай облысында тауық еті мен жұмыртқа бағасы қымбаттап кеткен

Бүгін Үкімет отырысында  Сауда және интеграция министрі Бақыт Сұлтанов әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасын тұрақтандыру шаралары бойынша баяндама жасады.

«2019 жылы әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасы 10,4 %-ды құрады. Биылғы қаңтар айы мен өткен жылдың қаңтарын салыстырғанда маусымдық баға өсімі 0,3%-ға өсті, бұл — 2 есеге аз. Мұны өткен жылдың алғашқы айында бағаның өсуімен байланыстыруға болады. Бағаның өсу себептері әкімдіктердің дұрыс баға мониторингін жасамағандықтан болып отыр», — деді Бақыт Сұлтанов.

Министрдің айтуынша, өткен жылы барлық өңірлерде шекті бағадан асып түскен 67 жағдай тіркелген. Алайда бірде-бір әкімдік рұқсат етілген шекті бағаны тұрақтандыру бойынша рәсімдер қабылдамаған.

«Биылғы қаңтар айында шекті бағадан асып кеткен 7 жағдай қайта тіркелді. Алайда әкімдіктерден әлі де реакция жоқ. Мысалы, Қостанай облысында әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары бағасының төмендеуіне қарамастан, тауық еті мен жұмыртқа бағасының 0,7 %-ға артуы байқалады», — деді ол.

Мынаны да қараңыз

Арқалықта әйел кәріз құдығына құлап кеткен

Арқалықта полиция қызметкерлері кәріз құдығына құлап кеткен әйелді құтқарды, деп хабарлайды tobyl-torgai.kz. Учаскелік полиция инспекторы ...

Пікір қалдыру

Сіздің e-mail жарияланбайды. Толтырылуы міндетті *