Қостанайда заманауи ет комбинаты ашылады

Қостанай қаласында өнеркәсіп өнімін өндіру көлемі 450 млрд теңгеге жетті. Бұл туралы тұрғындарға есеп беру кездесуінде облыс орталығының әкімі Қайрат Ахметов мәлім етті деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Қостанай қаласында инвесторлар үшін барлық жағдай жасалған. Соның арқасында өңір экономикасы ілгерілеп, өндіріс көлемі артып келеді. 2019 жылы қалада 10,2 млрд теңгеге 4 ірі инвестициялық жоба іске асырылды. Қуаты жылына 500 тракторға дейін шығарылатын «Кировец» тракторларын өндіретін зауыт пайдалануға берілді. Жобаға 1,7 млрд теңге құйылды. «Саламат» серіктестігі тәулігіне 1000 тонна өндіретін диірмен кешенін және сыйымдылығы 30 мың тонна астық сақтау қоймасын пайдалануға берді.

«Индустрияландыру картасынан тыс жұмыс істеп тұрған өндірістерді кеңейту бойынша 3,8 млрд теңгеге 2 жоба іске асырылды. «Баян-Сұлу» акционерлік қоғамы кондитерлік қант өнімдерін өндіру үшін жабдықтар сатып алды, жобаның құны 3,3 млрд теңгеден асып, 23 жұмыс орны құрылды. Қаражат Қазақстанның Даму Банкі және Дүниежүзілік банктің халықаралық қаржы корпорациясы есебінен жүзеге асырылады. «Астық» элеватор жабдығының зауыты» ЖШС сыйымдылығы 150-ден 3000 тоннаға дейін астық сақтау қоймаларын өндіру жұмысын бастады» деді Қайрат Ахметов баяндамасында.

Осы жылы құны 110 млрд теңге болатын 5 инвестициялық жоба жүзеге асады. Солардың бірі – «BEEF EXPORT GROUP» ЖШС компаниясының заманауи ет комбинаты кешені. Қазір құрылыс жұмыстары басталды. Бұл кәсіпорын жылына 110 мың бас ірі қара малы және 132 мың бас ұсақ малдың етін өндеуге қауқарлы. Жобаның жалпы құны – 5,3 млрд теңге.

Қайрат Ахметов айтқандай, жыл қорытындысы бойынша жүргізілген жұмыстың нәтижесінде негізгі капиталға салынған инвестициялардың жалпы көлемі 84,4 млрд теңгені құрады, бұл өткен жылдың деңгейіне қарағанда 5%-ға артық.

Мынаны да қараңыз

Арқалықта әйел кәріз құдығына құлап кеткен

Арқалықта полиция қызметкерлері кәріз құдығына құлап кеткен әйелді құтқарды, деп хабарлайды tobyl-torgai.kz. Учаскелік полиция инспекторы ...

Пікір қалдыру

Сіздің e-mail жарияланбайды. Толтырылуы міндетті *