Қостанай облысында қар жауып, боран соғып тұр (видео)

Қостанай облысында кенеттен қар жауды деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қала тұрғындары кенеттен жауған қардың суреттері мен бейнежазбаларын әлеуметтік желілерде жарыса бөлісіп жатыр. Расымен де, табиғаттың тосын мінезі жұртты абдыратып тастады.

«Кеше түнде ғана күн ашық еді. Таңғы алты-жетілерде де анау айтарлықтай өзгеріс болмаған. Айналасы 1 сағаттың ішінде қаланы қар басты. Қазір борандатып тұр. Амал жоқ, көлігіміздің доңғалағын қайта ауыстыру қажет» дейді Әскербек есімді қала тұрғыны.

Қазгидромет орталығының облыстық филиалы мәліметінше, алдағы үш күнде өңірде желдің жылдамдығы секундына 28-30 метр болады. Қазір сынап бағанасы -2 градусты көрсетіп тұр. Түнде ол -7 градусқа дейін төмендеуі ықтимал.

 

 

Мынаны да қараңыз

Арқалықта әйел кәріз құдығына құлап кеткен

Арқалықта полиция қызметкерлері кәріз құдығына құлап кеткен әйелді құтқарды, деп хабарлайды tobyl-torgai.kz. Учаскелік полиция инспекторы ...

Пікір қалдыру

Сіздің e-mail жарияланбайды. Толтырылуы міндетті *