Қостанай: Аурухана карантинге жабылды

Қостанай қалалық ауруханасы карантин режиміне көшірілді. Облыстық Денсаулық сақтау басқармасы баспасөз қызметінің хабарлауынша, Қостанай қалалық ауруханасында қызметкерлер мен емделушілерге коронавирус инфекциясына қарсы талдау жасалған.

«23 сәуір күні проктологиялық бөлімшеде жатқан 1965 жылы туған пациентке COVID-19 диагнозы қойылды. Осыдан кейін бірден эпидемияға қарсы іс-шаралар қабылданып, ауруханада болғандардың бәрінен анализ алынды. Әзірге аурухана карантин режиміне көшіріледі» дейді ведомствоның баспасөз хатшысы Ксения Жилкибаева.

Оның айтуына қарағанда, КВИ анықталған емделушімен жақын қарым-қатынаста болған барлық қызметкер мен науқастар қалалық аурухана ішіне оқшауланған. Аурханаға жүгінетін адамдар жолдамамен облыстық ауруханаға жіберіледі.

Мынаны да қараңыз

Арқалықта әйел кәріз құдығына құлап кеткен

Арқалықта полиция қызметкерлері кәріз құдығына құлап кеткен әйелді құтқарды, деп хабарлайды tobyl-torgai.kz. Учаскелік полиция инспекторы ...

Пікір қалдыру

Сіздің e-mail жарияланбайды. Толтырылуы міндетті *