118 млн теңге: 1 млн-нан астам масканы заңсыз алып өтушілердің жолы кесілді

Қостанайда шекарадан заңсыз медициналық маска алып өтпек болғандар ұсталды. Бұл туралы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің баспасөз қызметі хабарлады.

Таяуда, дәлірек айтсақ, 1 мамырда Қостанай облысы бойынша ҰҚК Шекара қызметінің департаменті «Қайрақ» автомобиль пунктінде 1 млн астам медициналық масканы заңсыз алып өтпек болған жүк көлігін тоқтатқан. Тәркіленген маскалардың сомасы шамамен 118 млн теңгені құрап отыр.

Күдіктілер жеке қорғаныс құралын халық тұтынатын тауарлардың арасына жасырған.

 

Мынаны да қараңыз

Өзбекстанға саяхат. Лайфхактар

Бірінші, әуелі құжаттарыңыздан бастайық. Шетелге шығу үшін құжатыңыз (құжаттарыңыз) (паспортыңыз, паспорттарыңыз) бар болар. Халыққа қызмет ...