Қостанай облысының кей жерлерінде найзағай болады

Қазақстанның жеті облысында ауа райының қолайсыздығына байланысты ескерту жарияланды деп хабарлайды tobyl-torgai.kz  «Казгидромет» РМК орталығына сілтеме жасап. 

17 мамырда Қостанай облысының кей жерлерінде найзағай соғады. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел екпіні кей жерлерде секундына 15-20 метрге жетеді.

17 мамырда Маңғыстау облысында түнде жаңбыр жауады. Кей жерлерде найзағай, бұршақ жауып, дауыл соғады. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел солтүстік-батыс желіне ауысып, кей жерлерде екпіні секундына 15-20 метрге жетеді. Ақтау қаласында 17 мамырда түнде күн күркірейді, оңтүстік-шығыстан соғатын жел солтүстік-батыс желіне ауысады, күндіз жел екпіні секундына 18 метрге дейін жетеді.

17 мамырда Солтүстік Қазақстан облысында және Петропавлда күн күркірейді. Оңтүстік, оңтүстік-батыстан жел соғады, жылдамдығы кей жерлерде секундына 15-20 метр болады.

17 мамырда Ақмола облысында таңертең және күндіз күн күркірейді. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз секундына 15-20 метр болады. Көкшетауда 17 мамырда күн күркірейді. Оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні секундына 15-20 метр.

Атырау облысында күн күркіреп, бұршақ жаууы мүмкін, түнде қатты жауын жауады. Солтүстік, солтүстік-батыстан жел соғады, күндіз екпіні секундына 15-20 метр. Атырауда 17 мамыр күні түнде жаңбыр жауады.

17 мамырда күндіз Қызылорда облысының кей жерлерінде найзағай, дауыл, оңтүстік, оңтүстік-батыстан секундына 15-20 метр болатын жел соғады.

17 мамырда күндіз Ақтөбе облысында кей жерлерде қатты жаңбыр жауады. Күн күркіреп, бұршақ жаууы мүмкін.

Дауыл ықтималдығы 80-100 пайыз.

Мынаны да қараңыз

Арқалықта әйел кәріз құдығына құлап кеткен

Арқалықта полиция қызметкерлері кәріз құдығына құлап кеткен әйелді құтқарды, деп хабарлайды tobyl-torgai.kz. Учаскелік полиция инспекторы ...