Қостанайда трактор мінген ер адам адасып кеткен

Қостанай облысы ТЖД қызметкерлері далада адасып кеткен 42 жастағы ер адамды құтқарды деп хабарлайды ҚазАқпарат ведомствоның баспасөз хатшысы Уәлихан Досановқа сілтеме жасап.

У.Досановтың айтуынша, «112» нөміріне әйел адам хабарласып, күйеуінің тракторымен үйден шығып кетіп, оралмағанын айтқан. Іздеу шараларына өрт сөндіру қызметінің жедел құтқару жасағының қызметкерлері мен Қостанай ауданының ТЖ бөлімінің құтқарушылары, сондай-ақ, полицейлер жұмылдырылды.

«42 жастағы ер адам Қостанай ауданының Сормов және Александров ауылдарының арасында адасып кеткені анықталды. Оны түнгі 03:00 шамасында «Қостанай-Меңдіқара» автожолында байқадық. Біз дер кезінде келіппіз, кешіккенімізде ол тоңып қалар еді. Сол күні өңірде дауылды ескерту жарияланған. Жаңбыр жауып, түнде ауа температурасы төмендеді. Бірақ соған қарамастан, ол жолға шығып кеткен. Құтқарушыларды оның әйелі шақырды, өзінің телефоны сөніп қалыпты. Біз оны Сормов ауылындағы үйіне дейін апардық», – деді Қостанай ауданының ТЖБ Азаматтық қорғау майоры Серік Дембаев.

 

 

Мынаны да қараңыз

Қостанай облысында әкім асылып қалған

Қостанай облысындағы Пресногорковский ауылдық округінің әкімі Тастемір Тұрсынбаев асылып өлген күйінде табылды, деп хабарлайды tobyl-torgai.kz. ...

Пікір қалдыру

Сіздің e-mail жарияланбайды. Толтырылуы міндетті *