Владислав Челах жатқан «Қара бүркіт» түрмесінде 19 қызметкерден коронавирус анықталды

Қостанай облысы Жітіқара қаласындағы «Қара бүркіт» түрмесінде 19 қызметкерден коронавирус анықталды деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

11 ер адам мен 8 әйел адамнан СOVID-19 анықталғаны белгілі болды. Олардың барлығы УК-161/3 мекемесінің 21-54 жас аралығындағы қызметкерлері. Олардың осыған дейін науқастармен байланыста болғаны анықталды.

Қазіргі уақытта науқастар Жітіқара қалалық ауруханасына жеткізіліп, ем алып жатыр.

Айта кетейік, «Қара бүркіт» түрмесі  Жітірақадан оңтүстік-шығысқа қарай 25 шақырым жерде орналасқан. Онда Владислав Челах, Руслан Күлекбаев жазасын өтеп жатыр.

Мынаны да қараңыз

Арқалықта әйел кәріз құдығына құлап кеткен

Арқалықта полиция қызметкерлері кәріз құдығына құлап кеткен әйелді құтқарды, деп хабарлайды tobyl-torgai.kz. Учаскелік полиция инспекторы ...

Пікір қалдыру

Сіздің e-mail жарияланбайды. Толтырылуы міндетті *