Қостанайлық жігіт терезеден құлағалы тұрған сәбиді құтқарып қалды

Қостанай қаласында көшеде кетіп бара жатқан жігіт терезеден құлағалы тұрған баланы құтқарып қалды деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Куәгерлердің айтуынша, оқиға бүгін сағат 18:30 шамасында Қостанай-2 шағын ауданында болған. Видеоны Instagram қолданушылары әлеуметтік желіге жүктеген. Ер адам екінші қабаттағы ашық терезеден қарап тұрған сәбиге газ құбыры арқылы көтерілген.

«Бәріміз аулада жүрген едік. Кенет үйдің екінші қабатындағы терезеге шығып кеткен баланы көрдік. Сол уақытта жас жігіт жүгіріп келіп, сәбиді құтқаруға кірісті» дейді Самал есімді оқиға куәгері.

Көршілердің сөзінше, бала үйде қараусыз қалған.

Айта кетейік, Төтенше жағдайлар департаменті қайғылы оқиғаларды болдырмау үшін терезеге бала өздігімен аша алмайтын бұғаттауыштар орнату қажеттігін ескерткен еді.

Мынаны да қараңыз

Құмар Ақсақалов ертең Федоров ауданына жұмыс сапарымен барады

Қостанай облысының әкімі Құмар Ақсақалов Федоров ауданына жұмыс сапарымен барады, деп хабарлайды tobyl-torgai.kz. Сапар барысында ...

Пікір қалдыру

Сіздің e-mail жарияланбайды. Толтырылуы міндетті *