Таспа

«Қостанай деген қарғыс атқан қала»: Боқтаған футболшыға Мұхамбетов жауап берді

Кезінде Талдықорғанның «Жетісу» командасында доп тепкен қақпашы Алмат Бекбаев сол кезде әлеуметтік желіде «Қостанай деген бір жексұрын қала екен. Пиццаға да тапсырыс бере алмайсың. Камооон, факин, щеееет!» деп боқтаған еді. Осыған байланысты спортшыға жауапты облыс әкімі Архимед Мұхамбетовтің өзі жауап берді деп хабарлайды tobyl-torgai.kz, Экспресс К сайтына сілтеме жасап. 

Алматты негізі жақсы танимын. Мен Ақтөбеде әкім болғанда жергілікті командада ойнаған еді. Олай неге айтқанын түсінбедім. Жалпы қазір Қостанай қаласы қарқынды дамып келеді, — деді әкім.

Оның айтуынша, қалада жаңа нысандар, көңіл-күй көтеріп, тамақтанатын орындар көптеп ашылып жатыр.

sports.kz

Қалада пицца жасайтын мейрамханалар да аз емес. Бізде 100 мың шаршы метр болатын ойын-сауық орталығымыз да бар. Ол еліміздегі ең ірі орталықтың бірі. Міне, сол жерге отандық былай тұрсын, шетелдік футболшылар да келіп тамақтанады. Оларға ұнайды, — дейді Архимед Мұхамбетов.

фото: ашық дереккөз

Мынаны да қараңыз

Ауыл тұрғындарының қалаға қоныс аударуы ауқымды мәселеге айналды — Амандық Әмірхамзин

Астанада өткен «Әділдік және өркендеу» ҚҚ өңірлік өкілдерінің кездесуіне қатысушылар әр аймақтағы мәселелерді талқылады. Қостанай ...

Пікір қалдыру

Сіздің e-mail жарияланбайды. Толтырылуы міндетті *