Тобыл өңіріне ат басын тіреген мәжілісмендер Лисаков қаласында болып, әлеуметтік нысандарға барды деп хабарлады tobyl-torgai.kz «Астана» телеарнасына сілтеме жасап. Заманауи жабдықталған қалалық аурухананың ахуалымен танысып, дәрігерлердің хал-жағдайын сұрады. Толғандырған түйткілдерін тыңдады. Қаладағы теннис орталығы да теңдесі жоқ кешен. Жаңа нысан спортпен шұғылданатын жастарға жол ашып отыр. Жұмыс сапары барысында Мәжіліс өкілдері кеншілермен де кездесті. Партияның міндет-мақсаты, елдегі әлеуметтік-экономикалық тұрақтылық жөнінде сөз қозғады. ...
Толығырақ »Monthly Archives: ақпан 2022
Қостанай облыстық ПД бастығының орынбасары тағайындалды
Қостанай облысының ПД кадрлық өзгерістер болды деп хабарлайды tobyl-torgai.kz. Ішкі істер министрінің бұйрығымен Қостанай облыстық ПД бастығының орынбасары лауазымына полиция полковнигі Ербол Бектұров тағайындалды. Бұған дейін Солтүстік Қазақстан облысы ПД тергеу басқармасының бастығы қызметін атқарған. Бектұров Ербол Еркебұланұлы 1976 жылы Солтүстік Қазақстан облысында дүниеге келген. ҚР МТК Қарағанды жоғары мектебін бітірген. Ішкі істер органдарында 1997 жылы тергеуші қызметін бастады. Петропавл ...
Толығырақ »Архимед Мұхамбетов жайылымдық жерлердің тапшылығын төмендетуді тапсырды
Бүгін Қостанай облысының әкімі Архимед Мұхамбетов облыс әкімдігінің отырысын өткізіп, халықтың жеке қосалқы шаруашылықтарының қажеттіліктері үшін жайылымдық жерлердің тапшылығын төмендету бойынша қабылданып жатқан шараларды қарастырды деп хабарлады tobyl-torgai.kz. Қазақстан Республикасы Мемлекет басшысының ауыл халқына мал жаю үшін жайылымдық алқаптардың қолжетімділігі мәселелеріне қатысты тапсырмасын орындау үшін облыста бірқатар іс-шара жүргізілуде. Облыс халқының шаруашылықтарында 335,6 мың шартты мал басы бар. Оларды жаю үшін ...
Толығырақ »40 мыңнан астам тұрғыны бар Арқалықта 2-ақ маршрут жүреді
Бұл қалада 2 жыл тұрғанбыз. Сондықтан мұндағы түйткілдерді аз білмейміз. Әсіресе, қаланың ең басты проблемаларының бірі — қоғамдық көлік. Бүгін арқалықтық тұрғынның маған айтқан мына бір өтінішін Арқалық Қаласының Әкімдігінің есіне салмауға болмайтын секілді. Ал енді құй сен, құй сенбе, 40 мыңнан асатын тұрғыны бар қалада 2-ақ (!) автобус жүреді екен. Оның өзінде ескі-құсқы болған соң жиі бұзыла беретін болса ...
Толығырақ »«Ауыл — ел бесігі» бағдарламасы шеңберінде 62 жоба іске асырылды – Мұхамбетов
Бүгін Архимед Мұхамбетов облыс әкімдігінің отырысын өткізіп, оның барысында «Бизнестің жол картасы-2025» бизнесті қолдау мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасын іске асыру қорытындыларын қарастырды деп хабарлайды tobyl-torgai.kz. Мемлекеттік бағдарламаны іске асыруға 2021 жылы 7,1 млрд теңге бөлінді. Сондай-ақ өткен жылы 1 744 жобаны іске асыруға несиелерді субсидиялауға және кепілдендіруге 75,3 млрд теңге бөлінді. Біздің облыста «БЖК» жүзеге асыруды екінші деңгейдегі тоғыз банк және ...
Толығырақ »Ашутастыда наубайхана ашылды
Қостанай облысы Арқалық қаласына қарасты Ашутасты ауылдық округінде наубайхана өз жұмысын істей бастады. Ауыл тұрғыны Анна Лазюк мемлекеттен 583 000 теңге көлемінде қайтарымсыз грант алып, оған қосымша өз қаржысын қосып, нан өнімдерін пісіретін құрылғылар сатып алды. Және, екі басты жер үй сатып алды. Аталған үйді жөндеп, жабдықтап, енді міне, өз кәсібін дөңгелетіп отыр. Бастысы ауыл тұрғындарына қажетті нан-тоқаш өнімдерін сатып ...
Толығырақ »