Иран Астанада өтетін келіссөздерге АҚШ-тың қатысуына қарсы шықты

Иранның Cыртқы істер министрі Мохаммад Джавад Сириядағы жағдайды реттеуге бағытталған Астанадағы басқосуға АҚШ делегациясының қатысуына қарсы шықты деп хабарлайды Lenta.ru Tasnim агенттігіне сілтеме жасап.

«Біз оларды шақырған жоқпыз» деді М.Джавад.

Мұның алдында Мәскеу Қазақстан астанасына БҰҰ өкілдері мен АҚШ-тың жаңа әкімшілігін шақыруды жөн көретінін мәлімдеген еді. «Жаңа басшылық бұл шақыртуды қабыл алып, кез келген деңгейдегі сарапшыларын жібере алады» деген болатын Ресейдің Сыртқы істер министрі Сергей Лавров.

2016 жылдың 29 желтоқсанында Ресей басшысы Владимир Путин Сириядағы оқ атуды тоқтату бойынша келісімге қол жеткізіліп, ресми Дамаск пен қарулы оппозиция келіссөзге дайын екендігін мәлімдеген болатын. Келіссөз өткізу орны ретінде Астана таңдалды. Басқосу 23 қаңтарға белгіленген. 

lenta.ru

Мынаны да қараңыз

Арқалықта әйел кәріз құдығына құлап кеткен

Арқалықта полиция қызметкерлері кәріз құдығына құлап кеткен әйелді құтқарды, деп хабарлайды tobyl-torgai.kz. Учаскелік полиция инспекторы ...

Пікір қалдыру

Сіздің e-mail жарияланбайды. Толтырылуы міндетті *