Нұрсұлтан Назарбаев Пәкістанның премьер-министрі Наваз Шарифпен телефон арқылы сөйлесті. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.
Тараптар екі ел арасындағы ынтымақтастық мәселелерін талқылап, сондай-ақ, Пәкістанның премьер-министрі 2015 жылдың тамызында Қазақстанған сапары барысында жеткен жетістіктерінің қорытындысына ризашылығын білдірді.
«Қазақстан Президенті мен Пәкістанның премьер-министрі бір-бірін Қазақстан мен Пәкісттанның 25 жыл бойы дипломатиялық қарым-қатынаста болуына байланысты құттықтады. Шариф Қазақстан Президентін биыл наурыз айында Исламабадта өтетін Экономикалық ынтымақтастық ұйымының Саммитіне қатысуға шақырды» делінген Ақорданың хабарламасында.
tobyl-torgai.kz