Пәкістан премьер-министрі Н.Назарбаевты Исламабадта өтетін саммитке шақырды

Нұрсұлтан Назарбаев Пәкістанның премьер-министрі Наваз Шарифпен телефон арқылы сөйлесті. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

Тараптар екі ел арасындағы ынтымақтастық мәселелерін талқылап, сондай-ақ, Пәкістанның премьер-министрі 2015 жылдың тамызында Қазақстанған сапары барысында жеткен жетістіктерінің қорытындысына ризашылығын білдірді.

«Қазақстан Президенті мен Пәкістанның премьер-министрі бір-бірін Қазақстан мен Пәкісттанның 25 жыл бойы дипломатиялық қарым-қатынаста болуына байланысты құттықтады. Шариф Қазақстан Президентін биыл наурыз айында Исламабадта өтетін Экономикалық ынтымақтастық ұйымының Саммитіне қатысуға шақырды» делінген Ақорданың хабарламасында.

 

tobyl-torgai.kz

Мынаны да қараңыз

Қостанай облысында әкім асылып қалған

Қостанай облысындағы Пресногорковский ауылдық округінің әкімі Тастемір Тұрсынбаев асылып өлген күйінде табылды, деп хабарлайды tobyl-torgai.kz. ...

Пікір қалдыру

Сіздің e-mail жарияланбайды. Толтырылуы міндетті *