Қостанай облыстық ІІД бұл ақпаратты қысқаша түсіндірді: «Адам өлтіру ісі бойынша сотқа дейінгі тергеу жұмыстары басталды». Қосымша мәлімет берілмеді. Сонымен қатар Қостанайда дәрігердің бірнеше жерінен пышақталып өлтірілгені туралы ақпарат қызу талқылануда. «ҚазАқпарат» ХАА тілшісінің дереккөзі бойынша, Р.Сандыбаева жалғыз өмір сүрген. Туыстарынан тек екі бауыры болған. Рашида Сандыбаеваны еске алу туралы хабар Қостанай облыстық Денсаулық сақтау басқармасының сайтында жарияланған. Оның авторлары атап өткендей, ол өмірінің 30 жылын дәрігерлік ісіне арнаған.
inform.kz