Қостанай облысында қолдан құжат жасаған полицейлер қамалды

Сотқа дейінгі тергеу құжаттарында жалған дәлелдер пайдаланған Қостанай облысының тәртіп сақшылары қамауға алынды деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес қызметінің бас маманы Евгений Бедычтың мәліметінше, Алтынсарин ауданында полиция бөлімінің жедел уәкілдері қызметтік өкілеттігін асыра пайдаланды және жалған құжат жасады деген күдікпен қылмыстық жауапкершілікке тартылып отыр.

«Олар полиция бөліміндегі ұрлықтарды ашу бөлімшесінің жұмыс нәтижесін асыра көрсету мақсатында сотқа дейінгі тергеу құжаттарында жалған дәлелдер пайдаланған. Күдіктілер 13 мамыр күні ұсталып, сот санкциясымен қамауға алынды. Қазір тергеу шаралары жүріп жатыр», — деді Е.Бедыч.

Мынаны да қараңыз

Арқалықта әйел кәріз құдығына құлап кеткен

Арқалықта полиция қызметкерлері кәріз құдығына құлап кеткен әйелді құтқарды, деп хабарлайды tobyl-torgai.kz. Учаскелік полиция инспекторы ...

Пікір қалдыру

Сіздің e-mail жарияланбайды. Толтырылуы міндетті *