Қостанай – Әулиекөл тасжолында екі Джип көлігі соқтығысып, салдарынан алты адам қаза тапты, деп хабарлады tobyl-torgai.kz, облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Апат бүгін сағат 16.30-да Қостанайдан Әулиекөл ауданына апаратын тасжолдың 69- шақырымында, Новонеженка және Лаврентьевка ауылдары арасында болған.
«Екі Джип автокөліктері соқтығысқан. Оқиға орнында автопатрульдер мен жедел-тергеу тобы жұмыс істеп жатыр. Қазіргі уақытта жол апатынан 6 адам қаза тапқаны белгілі болды», – делінген хабарламада.
Ведомство оқиғаның егжей-тегжейі мен қосымша ақпарат кейінірек берілетінін хабарлады.
фото: дереккөз