Қостанайда жол жөндеуге бөлінген 27 миллион теңгені жымқырған (ВИДЕО)

Қаржылық мониторинг агенттігі Қостанай қаласында жолдарды қайта жөндеу кезінде 27 млн теңгеден астам қаражатты жымқыру дерегін анықтады деп хабарлайды tobyl-torgai.kz.

Тергеу мәліметтері бойынша, мердігер «Galara» ЖШС мен Қостанай қаласы әкімдігінің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі арасында 612 миллион теңгеден астам сомаға Қостанай қаласының Набережная көшесін қайта жөндеу шарты жасалған.

«Galara» ЖШС Бас директоры ТКШ бөлімі инспекторының көмегімен іс жүзінде көрсетілмеген (құм-қиыршық тас қоспасынан, ұсақ тастан жасалған негіздердің төсейтін және тегістейтін қабаттарын орнату бойынша) қосымша қызметтер бойынша орындалған жұмыстардың жалған актісін ұсынған, — делінген хабарламада.

Жалған акт негізінде ЖШС есеп шотына 27 миллионнан астам теңге негізсіз аударылған. Кәсіпорын директоры мен бөлім қызметкері 5 жылға бас бостандығынан айырылды.

фото: дереккөз

Мынаны да қараңыз

Арқалықта әйел кәріз құдығына құлап кеткен

Арқалықта полиция қызметкерлері кәріз құдығына құлап кеткен әйелді құтқарды, деп хабарлайды tobyl-torgai.kz. Учаскелік полиция инспекторы ...

Пікір қалдыру

Сіздің e-mail жарияланбайды. Толтырылуы міндетті *