ganibet

Қостанайда мүгедек балаларға арналған түзеу кабинеті ашылды

  Ерекше мұқтаждықтары бар мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған психологиялық-педагогикалық түзеу кабинеті «Дара» қорының «Әртүрлі және тең: Біз инклюзивті білімді жақтаймыз» жобасы аясында Қостанай облыстық әкімдігінің қолдауымен ашылды. Бұл туралы egemen.kz хабарлады. Қостанай облысында ерекше мұқтаждыққа ие он мыңнан астам бала тұрады. Дамуында өзгеріс, ерекшелігі бар баланың ата-анасы оны әрі қарай өсіруде, оқытып, дамытуда өз проблемасымен өзі бетбе бет оңаша қалады. ...

Толығырақ »

Зейнетақы қорына тексеру жүргізіліп жатыр

2016 жылғы 21 желтоқсаннан бастап Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің қатысуымен «Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры» акционерлік қоғамының қызметіне тексеру жүргізілуде, деп хабарлады Ұлттық банктің баспасөз қызметі. Тексеру БЖЗҚ акционерлік қоғамының меншікті активтерді инвестициялауға қатысты жасалған операциялары бойынша жүзеге асырылуда. «БЖЗҚ» АҚ-тың меншікті активтері оның капиталы және шаруашылық қызметінің нәтижелері есебінен қалыптастырылады. «БЖЗҚ» АҚ меншікті активтерді дербес басқарады. Азаматтардың зейнетақы жинақтары «БЖЗҚ» ...

Толығырақ »

Ерлан Сағадиев Қарағанды МТУ ұжымын жаңа ректормен таныстырды

ҚР Білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиев кеншілер қаласына арнайы келіп, Қарағанды мемлекеттік техникалық университетінің ұжымын жаңа ректор – белгілі ғалым, профессор, техника ғылымдарының докторы Марат Ибатовпен таныстырды. Бұл туралы egemen.kz хабарлады. Таяуда Астанада Мемлекеттік жоғары оқу орындарының басшылығына кандидаттарды анықтау жөніндегі республикалық конкурстық комиссияның отырысы өткен болатын. Республикалық конкурстық комиссия, әңгімелесу мен жоғары оқу орнын дамыту жөніндегі ұсынылған бағдарламаны ...

Толығырақ »

Ресейлік институт Н.Назарбаевқа «Жыл адамы» атағын берді

Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевқа халықаралық саясатқа қосқан орасан зор үлесі үшін және ЕЭО нығаюына қосқаны үшін «Жыл адамы» халықаралық сыйлығының лауреаты атанды, — деп хабарлайды Tengrinews.kz. «Жыл адамы — 2016» халықаралық сыйлығының марапаттау рәсімі Мәскеу қаласында өтті. «Халықаралық саясатқа» қосқан орасан зор үлесі үшін және Еуразиялық экономикалық одақтың нығаюына қосқан үлесі үшін Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевқа табысталды. Сонымен қатар, Мемлекет басшысына ...

Толығырақ »

«Тобыл» командасы сатылымға қойылды

Қостанайдың «Тобыл» футбол командасы сатылымға қойылды. Бұған ниет білдіргендер жалпы соманы бір жылдан үш жылға дейін бөліп төлей алады деп хабарлады vesti.kz. «Алғашқы екі келіссөз сәтсіз аяқталғандықтан комиссия бұл іске жеңілдіктер енгізуді жөн көрді. Енді сатып алушы жалпы соманы бір жыл мен үш жылдың арасындағы мерзімде төлей алады. Ал клубтың құны – 25 миллион теңге», – деді Қостанай облысы Қаржы ...

Толығырақ »

Ұлттық валюта тағы да нығайды

KASE қор биржасының таңғы саудасының қорытындысы бойынша ұлттық валюта бағамы долларына 331,74 теңгеге тең болды, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Еске салайық, осыған дейінгі, 21 желтоқсандағы күндізгі сессияда ұлттық валюта 332,46 теңгеге тең болған еді. 22 желтоқсандағы таңғы саудадағы бірінші келісім 332,5 теңгемен жасалды. Бұл максималдық құны болып тіркелді. Минималдық құны 331,45 теңгеге тең. Сауданың жалпы көлемі 71,45 миллион долларға жетті. Kurs.kz ...

Толығырақ »

Кер сиыр мені қалай танымал етті?..

«Жоқтан бар пайда болмайды, бар нәрсе жоққа айналып кетпейді» деген қанатты сөзді қай данышпанның айтқанын есімнен шығарып алыппын. Білетінім – бізге мектепте соны айдай ақиқат деп үйретті. «Сайт» деген сайтан, «ғаламтор» деген ғаламат қолданысқа енгелі, аталған афоризмнің ақиқаттығы айқындала түскендей. Бұлай деуіме себеп – жақында әңгімесымағым сан-сапалақ сайттардың бірінде жарық көрді. Қысқаша мазмұны мынадай: Біздің үйде бір желіні сабадай сүтті ...

Толығырақ »

Еркеғали Бейсенов: КӨКЕСІНІҢ АРҚАСЫНДА КӨТЕРІЛЕТІНДЕРДІҢ ҚАТАРЫНАН ЕМЕСПІН

– Еркеғали, ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы қоры ұйымдастырған биылғы «Алтын тобылғы» байқауының поэзия номинациясы бойынша топ жардың. Құтты болсын! – Әумин! Рахмет, Зәке! – «Алтын тобылғы» қандай байқау? Бәсі жоғары додаға қалай қатыстың? Үкілеп қосқан шығармаң қалай аталады? – 2016 жылы «Алла жар, Алаш!» атты дастан жаздым. Сонау Сақ, Ғұн, Көктүріктер қағанаты, Алтын орда, Ақ орда, Көк орда, Қазақ ...

Толығырақ »

Еркеғали БЕЙСЕНОВ: Аллажар, Алаш!

Ел Тәуелсіздігінің 25 жылдық мерейтойы қарсаңында ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы қоры мен Жазушылар одағы бірлесіп ұйымдастырған «Алтын тобылғы» әдеби байқауы күні кеше өз жүлдегерлерін марапаттады. Жеңімпаздардың қатарында әріптесіміз – журналист, ақын Еркеғали Бейсенов те болды. Оның «Аллажар, Алаш!» поэмасы үздік деп танылды. Марапат иесіне, сондай-ақ, 1 млн теңге сыйақы табысталды. Бүгін біз әріптесімізді жеңісімен құттықтай отырып, оның жүлде алған ...

Толығырақ »

Өзге елде өгейсіген өзбек жігіттің сәлемі

Өлі тыныштық. Желсіз, бұлтсыз Измир түні. Туғанына апта толмаған сынық Ай төбеде тұр. Қатты шаршағаныммен, ұйқым келер емес. Көз алдымнан манағы бір жігіттің сұлбасы кететін түрі жоқ… Иə, қасиетіңнен айналайын туған ел, орның бөлек қой! Еліңде жүріп ішкен қара су да бал ғой, шіркін. Əсіресе, тілге жағымды, бойға қонымды, үйреншікті тамақ-тағамдарын айтсай! … Тура бүгін іңір қараңғылығы енген шақта, бірнеше ...

Толығырақ »