2016-2017 жылдарға арналған оқу жылында Қазақстанның 1-сынып оқушылары үшін қосымша демалыс қарастырылған деп хабарлайды tobyl-torgai.kz тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.
«Қыркүйек айында Білім және ғылым министрлігі демалыстардың мерзімі мен оқу кезеңі жайлы бұйрық шығарған. Сол бұйрық аясында демалыс мерзімдері сынып-сыныпқа бөлініп көрсетілген. Сол бұйрыққа сәйкес, 2016 жылдың қыркүйегінде бірінші сынып оқушылары үшін білім берудің жаңа мазмұнын енгізгендіктен, 1-сынып оқушылары бес күн оқиды. Соған байланысты 1-сынып оқушылары үшін 1-7 ақпан аралығында қосымша демалыс беріледі» деді Білім және ғылым министрлігінің баспасөз хатшысы Әйгерім Әлібекова.
Оның айтуынша, қалған сыныптың оқушылары әдеттегідей оқи береді.
tobyl-torgai.kz