ganibet

«Көзкөрген» қамшы

Біздің үйдің төрінде қамшы ілулі тұрады. Оны көргендер «баяғының қамшысы екен-ау»  деп қояды. Әкетіп бара жатқан ештеңесі жоқ. Кәдімгі алты таспа етіп өрілген, даланың қызыл торы тобылғысымен сапталған, ақ таспамен оралған қарапайым қамшы. Бірақ жай қамшы емес ол. Мен  көрмеген аталас туыстарым мен әкелерім тұтқан қамшы. Қай жылы өрілгенін анық айта алмаймын, бірақ 1937 жылдан бұрын болған қамшы. Қазақтың қағидасында ...

Толығырақ »

Қостанайда «Сқладсқая» деген көше бар

«Жас Отан» Жастар қанатының белсенді жастары Қостанай облысы Тілдерді дамыту басқармасымен бірігіп қала көшелеріне рейд жүргізіпті. Сонда белгілі болғаны, ең көп кездесетін қате, әдеттегідей, «Дукен» сөзі екен. Бұл туралы «Костанайские новости» хабарлады. Ең сорақысы сол, қостанайлық «тіл жанашырлары» «Складская» деген көше атауын өздерінше қазақшалап, «Сқладсқая» деп бадырайтып жазып қойыпты… Күлесің бе, жылайсың ба?..   kstnews.kz  

Толығырақ »

Қостанай облысының атауын өзгерту қажет

Қостанай облысының атауын Торғай облысы деп өзгерту туралы ұсынысты қолдаймын. Торғай — тарихи атау. Қостанай облысы дегеннен гөрі Торғай облысы десек, күшті естіледі. Облыстың көп бөлігін Торғай даласы алып жатыр. Қостанай да бөтен емес, торғайлықтардың қонысы, жайлауы болған жер. Торғай деп атасақ, «Қостанай», «Торғай» деп бөлінуді қояр едік. Облыстың қазақылануына септігі тиеді. Қостанай мен орыс егіз ұғымға айналған сияқты. Қостанай ...

Толығырақ »

Дәуірді жеңген діндар

(Дін жолында қуғын көріп, мехнат шеккен молда Аймұхаммедтің (Аймағанбет) рухына арналады)   Күн зулап, жылдар сырғып, ауса ғасыр Тарихқа айналады қаншама сыр. Бағасы кеміп, бірақ, құнын жоймас Уақыттың түнегінде қалса да асыл.   Жырласам асып туған асылдарды… Рухы самғар келер ғасырларда. Қасқайып қарсы тұрып заманына Емендей иілмеген хас ұлдарды.   Замана шашса-дағы зәһарын мың, Жігерін мұқалта алмас баталы ұлдың. …Атағы ...

Толығырақ »

«Қолмен жұмыс жасайтындардың олимпиадасы» немесе қазақ балалары арасынан әйдік аспаз шықса, айып па?

Кеше елордадағы Оқушылар сарайында ҚР Білім және ғылым министрлігінің ұйымдастыруымен World Skills Kazakhstan Ұлттық чемпионатының ашылу салтанаты болды. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «100 нақты қадам» Ұлт Жоспарында техникалық мамандықтардың әлеуетін арттыру және жалпы ұлттық еңбек қоғамын қалыптастыруға қатысты берген тапсырмаларын жүзеге асыру аясында қолға алынған шараның өз ерекшелігімен есте қалатыны анық. Еліміздің 16 аймағынан елорда төріне жиналған 140 байғау қатысушысы чемпионатта ...

Толығырақ »

Қара шелек

(әңгіме) Әңгіме қара шелектен басталды. Айшаның атасының басындай сақтап жүрген шелегі ғой. Үшінші жыл болып барады, Айша шелексіз қалып, шелек сұраймын деп абысын-ажынға жексұрын көрініп, ақырында Бірмағамбетті бүріп, Кәстенкенің дүкенінен алдырған шелек еді. – Шелек-шелек деп ішкен асымды кере ғып болып едің, сенен қорыққаннан темекі алатын ақшама шелек алдым, — деп Бірмағамбет Айшаның қолына шелекті ұстатқанда бұлдап нығыздап ұстатқан. Бірмағамбет ...

Толығырақ »

Өзағаңның өнегесі

Егер тірі болса еліне еңбегі сіңген елеулі тұлға Өзбекәлі Жәнібеков бұл күндері 85 жасқа толар еді. Үкімет үкілеп атап өтерліктей дөң­ге­лек дата емес екенін білеміз. Әйтсе де асы­лын ардақтай білер әлеумет әулие­дей әспеттеген аяулы ағамыздың көзі тірісіндегі көшелі істерін жадымызда қайта бір жаңғыртуды жөн көрген жайымыз бар. Өресі биік Өзағаң кешегі қылышынан қан тамған кеңестік кезеңнің өзінде ұлтқа қызмет етудің ...

Толығырақ »

Тобыл-Торғай Торсаны

Өзін әлі сергек сезінетін Тор­сан ақсақал күнделікті ақпаратты қалт жібермейді. Ғұмыр бойы шаруашылық ұйымдастырушы бол­ған соң ба, еліміздің эконо­микалық саясатын, әсіресе, ауыл шаруашылығындағы өзгерістерді ерекше қадағалап отырады. Ауыл шаруашылығында біржақты жүргізілген істен көштің жүгі ауып қалатынын бүгін осы саланың басы-қасында жүргендер білсе екен деп отырады. Егінмен қатар, мал шаруашылығын дамытуға көңіл бөлінуі тиіс. Мал мен егін бірін бірі толықтырып отырады, ...

Толығырақ »

«Мен өлгеннен кейін күтіңдер, балалар…»

  (Әліби Жангелдин туралы естелік) Атақты Қобланды батырдың Тоқтар атты баласынан туған бестаңбалы Қыпшақ – Бұлтың, Көлденең, Торы, Ұзын, Қарабалықтың анасы айтыпты деген мынадай аңыз бар: Бұлтың бітті бойыма – бейшаралық кірді ойыма. Көлденең бітті бойыма – ұрлық кірді ойыма. Торы бітті бойыма – зорлық кірді ойыма. Ұзын бітті бойыма – билік кірді ойыма. Қарабалық бітті бойыма – байсалдылық кірді ...

Толығырақ »

Қазақ тілінің ұлттық корпусын құру керек пе?

Қазақ тілінің ұлттық корпусы — белгілі бір тілдегі мәтіндердің электронды нұсқада жинақтап, толықтырып отыруға бағытталған тілдің ақпараттық-анықтамалық ашық жүйесі. Жай ғана мәтін базасы емес, белгіленім қойылған базасы, яғни миллиондаған сөзқолданыстан тұратын электрондық мәтіндер базасындағы кез келген сөз өз «паспортын» алады, оның лексикалық мағынасы, грамматикалық белгілері, аудармасы, этимологиясы, мәдени семантикасы түгел көрсетіледі. Демек, Корпус тілтанушылар мен it-мамандар бірлесе отырып қана жүзеге асырыла ...

Толығырақ »