Жаңа үйлердегі пәтер бағасы арзандады

2016 жылдың желтоқсанында жаңа тұрғын үйдегі пәтердің шаршы метр құны  247,3 мың теңге болды деп хабарлайды Cтатистика комитеті.

Жаңа үйлердегі баға 2015 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 3,6%-ға төмендеген.

Жайғастырылған баспананың құны 2016 жылы 0,7%-ға қысқарып, шаршы метріне 188,6 мың теңге болды.Ал жайғастырылмаған баспананы қайталап сату 3,6%-ға (шаршы метрні е115,3 мың теңге) қымбаттады.

Сонымен қатар элиталық баспананың шаршы метр құны желтоқсанда 203,9 мың теңгені құрап, жыл ішінде 1,1%-ға төмендеді.

Жайлы баспананы жалға алу нарығында 2015 жылдың желтоқсанымен салыстырғанда айтарлықтай құбылу жоқ. Еліміздің қайтамала нарықтағы жалдамалы баспананың шаршы метрі айына 1,2 мың теңге (қысқару – 0,2%) тұрды. Ал жайғастырылмаған баспананы жалдау ақысы әр шаршы метріне 726 теңгеге шығады.

egemen.kz

Мынаны да қараңыз

Қостанай облысында әкім асылып қалған

Қостанай облысындағы Пресногорковский ауылдық округінің әкімі Тастемір Тұрсынбаев асылып өлген күйінде табылды, деп хабарлайды tobyl-torgai.kz. ...

Пікір қалдыру

Сіздің e-mail жарияланбайды. Толтырылуы міндетті *