ganibet

Президент Рудный қаласындағы құс фабрикасына барды

Мемлекет басшысы Қостанай облысына жұмыс сапары аясында Рудный қаласындағы «Жас-Қанат 2006» ЖШС-не қарасты құс фабрикасына барып, құс шаруашылығына заманауи технологияларды енгізу жөніндегі пилоттық жобаның жүзеге асырылу барысымен танысты, деп хабарлайды tobyl-torgai.kz Ақорданың ресми сайтына сілтеме жасап. Цехты аралау барысында Президентке компанияның қызметі туралы мәлімет берілді. Құс фабрикасында өндірілетін өнім еліміздің барлық өңірлерінде сатылады, сондай-ақ ТМД елдеріне экспортталады. Кәсіпорын басшылығының айтуынша, ...

Толығырақ »

Президент Рудный қаласының тұрғындарымен кездесті

Мемлекет басшысы Қостанай облысына жұмыс сапары барысында, ең алдымен, Рудный қаласындағы жылу құбырының жарылу салдарымен танысып, қалпына келтіру жұмыстарының барысы туралы өңір басшылығының баяндамасын тыңдады, деп хабарлайды tobyl-torgai Ақорданың ресми сайтына сілтеме жасап.  Қала әкімі Қуандық Испергеновтің айтуынша, қазіргі уақытта құбырлар ішінара қалпына келтірілген. Сондай-ақ топырақ төсеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Әкім жақын арада қалпына келтіру жұмыстары толық аяқталатынын мәлімдеді. – ...

Толығырақ »

Қостанай облысында аралас мектепте қазақ тіліне қарсы арандатушылар шықты (ВИДЕО)

Қостанай қаласының іргесіндегі Мичурин ауылындағы аралас мектепте қазақ тіліне қарсы арандатушылар шықты. Олар бір топ адам болып, оқу орнын бірнеше жыл басқарып, білім ордасын үлкен жетістікке жетелеген Айнаш Даданованың үстінен арыз жазып, жала жауып, оның директорлық қызметінен кетуіне себепші болып отыр. Бұл туралы журналист, «Қазақ тілі» қоғамының Қостанай облыстық филиалының төрағасы Заңғар Санай айтты, деп хабарлады tobyl-torgai.kz halyq-uni.kz сайтына сілтеме жасап. Қала іргесіндегі ...

Толығырақ »

Жітіқарада бірнеше иттің өлексесі табылды

Қостанай облысында иттердің өлексесі табылды. Бұл дерек бойынша тергеу басталды, деп хабарлайды tobyl-torgai.kz облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Ведомство мәліметінше, Жітіқара қаласының полициясы иттердің өлексесін табу дерегіне қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 316-бабы («Жануарларға қатыгездікпен қарау») бойынша соталды тергеу бастаған.

Толығырақ »

Рудныйда апат салдарынан бірнеше тұрғын үй жылусыз қалды

Қостанай облысы Рудныйда бірнеше үй мен ғимарат жылусыз қалды, — деп хабарлайды tobyl-torgai.kz iagorod.kz сайтына сілтеме жасап. Қостанай облысы Рудныйда 24 тұрғын үй, 60-қа жуық жекеменшік үй және тағы 16 ғимарат жылусыз қалды. 19 қаңтарда Горняков көшесінде жылу өтетін жолда жарылыс болды. Сағат 10.30-да Горняков көшесінің бойындағы жылу өтетін жолда (диаметрі 530 миллиметр) жарылыс болды. 24 тұрғын үй, 59 жекеменшік ...

Толығырақ »

Мемлекеттік сатып алулар: Қостанай шенділерінің қитұрқылығы ашылды

Қостанай облысында мемлекеттік сатып алулар кезінде тауар құнын нарықтағы бағадан қымбат етіп көрсеткен ұйымдар анықталды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz. Бұл туралы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қостанай облыстық департаменті мәлім етті. 2022 жылдың күзінде денсаулық сақтау саласы ұйымдарының бірі 10 млн теңгеден астам сомаға керуеттер сатып алғысы келген. Ашық сауда алаңдарындағы бағалар мониторингі техникалық ерекшелікте көрсетілгенге ұқсас сипаттамалары бар керуетті шамамен 40% ...

Толығырақ »

Әулиекөлдегі орманды өртеді деген тракторшыға сот үкімі шықты

Қостанай облысы Әулиекөл ауданындағы өртке қатысты қылмыстық іс бойынша айыпталған ер адамға сот үкімі шықты, деп хабарлайды tobyl-torgai.kz Halyq Uni сайтына сілтеме жасап.  Александр Репейко қылмыстық кодекстің 341-бабы 1-бөлігі («ормандарды жою немесе зақымдау») бойынша айыпталған. Сотта 2022 жылдың 2 қыркүйегінде Қостанай облысы Әулиекөл ауданының Бағаналы кентінде ағай өңдеуші (лесозаготовитель) Есмағанбетов бұрын таныс болмаған «МТЗ-82» маркалы тракторды басқарған Репейкоға өтініш айтқаны анықталды. Ол ...

Толығырақ »

Қостанай облысында болған орман өртіне тракторшы кінәлі болып шықты

Қостанай облысы Әулиекөл ауданында болған алапат орман өртіне 44 жастағы тракторшы Александр Рапейко кінәлі болып шықты, деп жазады tobyl-torgai.kz «Тоболинфоға» сілтеме жасап. Істі Әулиекөл аудандық соты қараған. Сот Рапейконың тракторды жоғары қауіп көзі ретінде, ұшқын сөндіргішсіз және ақаулы цилиндрлі-поршеньді тобымен жұмыс істегенін анықтады. Салдарынан көп мөлшерде май шығып, газ шығатын түтікте майлы күйе түзілген. Кондратьев орман шаруашылығының №22 кварталына апаратын ...

Толығырақ »

Қостанайда тұрғын үйден өрт шықты (ВИДЕО)

Қостанайда тұрғын үйден өрт шықты, деп хабарлайды tobyl-torgai.kz облыстық ТЖД-ға сілтеме жасап. Департамент мәліметінше, 12 қаңтар күні сағат 10:20-да кезекші пультіне өрт туралы хабар келіп түсті. Оқиға қаладағы Текстильщиков көшесіндегі тұрғын үйде болған. Қаланың өрт сөндіру бөлімшелері келген кезде бірінші қабаттағы пәтерден түтін шықты. 20 шаршы метр аумақтағы бөлмелердің бірінде жиһаз, үй заттары жанып жатты. Түтін үйдің барлық қабатына тез ...

Толығырақ »

Қостанайда театр әртістері полицейлерге халыққа дауыс көтермей сөйлеуді үйретіп жүр

Қостанайда облыстық орыс драма театрының әртістері полицейлерге шеберлік сағатын өткізді, деп хабарлайды tobyl-torgai.kz. Polisia.kz-тің жазуынша, алғашқы таныстыру сабағын театрдың бас режиссері Эдуард Шахов пен актер Руслан Бушинский Қостанай облыстық Полиция департаментінің мәжіліс залында өткізген. Біз полицейлермен жемісті және ұзақ уақыт жұмыс істеп келеміз. Мәселен, бірнеше жыл бұрын бізде «Қиылыстағы детектив» бірлескен қойылымы болды. Актерлік шеберлікті оқыту – бұл біздің кезекті жобамыз. ...

Толығырақ »