Қостанай облысында қардың қарқынды еруі салдарынан өзен арнасы тасып, үйлерді су басқан, деп хабарлайды tobyl-torgai.kz.
Қостанай облысының жергілікті атқарушы органдары және ТЖД күштері мен құралдары Железнодорожное ауылындағы ойпат жерде орналасқан екі пәтерлі алты үйге кірген еріген қар суы салдарын жою жұмыстарын жүргізіп жатыр.
Облыстық ТЖД баспасөз қызметі қардың қарқынды еруі салдарынан Тімтуір өзені арнасынан асқанын мәлім етті. Қазіргі кезде қостанайлық құтқарушылар Железнодорожное ауылындағы су тасқынының салдарын жою жұмыстарын жүргізуге кіріскен.
Су басқан үйлердің тұрғындары – 30-дан астам адам алдын ала эвакуацияланды. Қазіргі уақытта олар туыстарының үйлеріне орналастырылды. Құлақтандыру, малды алдын ала қауіпсіз аймаққа айдау жұмыстары жүргізілді, — делінген ТЖД хабарламасында.
Жедел жұмыстарға жергілікті атқарушы органдар мен құтқару бөлімшелерінен 15 техника және 30 адам жұмылдырылды. Жұмылдырылыған күштер мен құралдар қатты ағынға төтеп бере алмай жатқан су өткізу құбырларын құйылып жатқан еріген қар суын сору жұмыстарын жүргізіп жатыр.
Қазіргі уақытта жағдай тұрақты, өзенде судың көтерілуі байқалмайды, тәулік бойы кезекшілік және мониторинг ұйымдастырылды, — делінген хабарламада.
Фото: top-news.kz