ganibet

Қостанайдағы қару-жарақ дүкенінің жарылу себебі белгілі болды

Бас прокуратура биыл 3 қыркүйекте Қостанай қаласында болған «Оружейная палата» дүкеніндегі жарылыс және өрт фактісін тергеп-тексеруді жалғастырып жатыр, деп хабарлайды tobyl-torgai.kz. Өрт салдарынан 11 адам зардап шекті. Оның 4-еуі қайтыс болды. Олардың барлығы дүкеннің жұмыскерлері еді. Жарылыстан көршілес орналасқан коммерциялық нысандар мен тұрғын үйлер де зақымданды. Тергеу анықтағандай, дүкеннің басшысы оқ-дәрі өткізуге рұқсаты болғандықтан, оқиға қарсаңында Қарағанды облысынан «Сокол» маркалы ...

Толығырақ »

Қостанайда жұқпалы тері ауруларының тарауы өршіп тұр

Қостанай облысында тері-жұқпалы аурулар бойынша эпидемиологиялық жағдай қолайсыз деп бағаланады. Биылғы сегіз айда өңірде 51 адам дерматомикозбен ауырған, былтыр осыған ұқсас кезеңде 10 жағдай болған, деп хабарлайды tobyl-torgai.kz. Бұл инфекциямен көп жағдайда балалар мен жасөспірімдер ауырады. Науқастар арасында 88,2 пайызы – қала халқы. Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің мәлімдеуінше, дерматомикоз (микроспория, трихофитоз) – саңырауқұлақ сипатындағы жұқпалы ауру, онда тері мен шаш, сирек ...

Толығырақ »

Мәулен Әшімбаев: Президентіміздің жаңа бастамалары Торғайдың дамуына тың серпін береді деп сенеміз

Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаев Президент тапсырмасымен Торғайда Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдығына арналған іс-шараларға қатысты. Ол «Ұлтына ғұмырын арнаған ұлы тұлға» атты ғылыми-тәжірибелік конференцияда Қасым-Жомарт Тоқаевтың құттықтау хатын оқып берді, деп хабарлады tobyl-torgai.kz. Ахмет Байтұрсынұлы – тарихымызда айрықша орны бар бірегей тұлға. Алаш жұртының асыл перзенті халқымыздың тағдыры сынға түскен күрделі кезеңде ерекше қайраткерлік танытты. Шын мәнінде Ахаңның өмір жолы – ...

Толығырақ »

«Ешкім жауапкершіліктен құтылмайды»: Жангелдин ауданында 27 миллион теңгеден астам қаражат ұрланған

Қостанай облысы Жангелдин ауданында 27 миллион теңгеден астам қаражат ұрланған, деп хабарлады tobyl-torgai.kz.  Бұл туралы «Әділдік жолы» республикалық қоғамдық бірлестігінің Атқарушы директоры Дидар Смағұлов өзінің facebook-парақшасында жазды. «Қостанай облысында сумен жабдықтау жүйесін қайта жаңартуға бөлінген 27 миллион теңгеден астам қаражат ұрланды! Достар, әзілді қоя тұрайық! 600 мың теңгеге салынған ағаш дәретхана тек бастамасы болды! Сарапшылар Қостанай облысы Жангелдин ауданы Торғай ...

Толығырақ »

Қостанайда бір апта бұрын жоғалып кеткен әйелдің денесі өзеннен табылды

Қостанай қаласында бір апта бұрын жоғалып кеткен әйелдің денесі өзеннен табылды, деп хабарлайды tobyl-torgai.kz. Белгілі болғандай, қала тұрғыны 22 қыркүйекте полицияға арызданып, әйелінің жоғалып кеткені туралы айтқан. 29 қыркүйек күні таңғы сағат 8:25-те Үлкен көпір маңында әйел адамның денесі жатуы мүмкін деген хабар түсті. Оқиға орнына жеткен жедел-тергеу тобы марқұмның 22 қыркүйекте жоғалып кеткен Қуаныш Бермұхамбетова екенін анықтады, — делінген ...

Толығырақ »

Торғай өңірін түлетудің төте жолы – инвестиция тарту: Арқалықта бизнес-форум өтті

Қостанай облысының оңтүстігінде орналасқан Арқалық қаласы мен Амангелді және Жангелдин аудандарының экономикасы негізінен мал шаруашылығына негізделген. Арқалықта өнеркәсіп енді қолға алына бастаса, жоғарыда аталған қос ауданда өндіріс атаулы тіптен жоқ. Сондықтан да облыстан қашық орналасқан аудандардың  инфрақұрылымы сын көтермей, әлеуметтің де әлеуеті тұралап, мұғалім, дәрігер сынды дәстүрлі мамандық иелері болмаса, жастардың дені екі қолға бір күрек іздеп, үлкен қалаларға сабылып ...

Толығырақ »

Ресейлікке жалдамалы пәтер тауып беремін деген ер адам одан 450 мың теңгесін қағып алған

Ресейдегі мобилизация кезінде Қостанайға қашып келген ресейлік жас жігіт алданып қалды, деп хабарлайды tobyl-torgai.kz облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.  Жалдамалы пәтерге қатысты қазіргі жағдайды жақсы пайдаланған алаяқтар ресейлік жігіттің 450 мың теңгесін қағып алған. Бірақ жалға беретін пәтері мүлде жоқ болып шықты. Бір қызығы, жас жігіт көлік нөмірін сақтап алғандықтан, полицейлер жалған пәтер иесін тез тапқан, — делінген ...

Толығырақ »

Мүгедек адамдарға арналған Қостанай облыстық оңалту орталығы Ашық есік күнін өткізеді

Қостанай облысы әкімдігі Жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының «Мүгедек адамдарға арналған Қостанай облыстық оңалту орталығы» КММ Ашық есік күнін өткізеді, деп хабарлайды tobyl-torgai.kz облыс әкімінің баспасөз қызметріне сілтеме жасап.  Іс-шара орталықта көрсетілетін арнайы әлеуметтік қызметтер бойынша көрме стендтерінің презентацияларымен таныстырудан басталады, одан әрі таныстыру экскурсиясы және шақырылғандардың проблемалық сұрақтары мен сұрақтарын талқылау бойынша дөңгелек үстел өткізумен аяқталады. Ашық ...

Толығырақ »

Қостанай облысында мектептердің атаулары ауысып жатыр

Қостанай облысындағы мектептерге қазақтың ұлы ақыны Абай Құнанбайұлы мен Алаш Орда көшбасшыларының есімдері берілді, деп хабарлайды tobyl-torgai.kz. «Келесі білім беру ұйымдарына бекітілсін: Абай атындағы Қостанай облысы әкімдігінің білім басқармасының «Қостанай қаласы білім бөлімінің № 27 орта мектебі» КММ; Абай атындағы Қостанай облысы әкімдігінің білім басқармасының «Жітіқара ауданы білім бөлімінің № 3 мектеп-лицейі» КММ; Абай атындағы Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының ...

Толығырақ »

Қостанай облысындағы өртке адами фактор себеп болған – ТЖМ

Төтенше жағдайлар министрі Юрий Ильин Қостанай облысындағы алапат өртке адами фактор себеп болғанын айтты, деп хабарлайды tobyl-torgai.kz. Министрдің сөзінше, табиғи тұтану нұсқасы толығымен жоққа шығарылған. Оқи отырыңыз: «Бәрі де мүмкін»: Қошанов Қостанайдағы өрт әдейі ұйымдастырылды ма деген сұраққа жауап берді Өрттің қасақана немесе абайсызда тұтанғанын құзырлы органдар анықтайды. Табиғи тұтану нұсқасы толығымен алынып тасталды, – деді Юрий Ильин. Еске салайық, қыркүйектің ...

Толығырақ »