ganibet

«Адами факторды жоққа шығаруға болмайды»: ТЖМ өртке қатысты мәлімдеме жасады

Төтенше жағдайлар министрі Юрий Ильин Қостанай облысындағы жағдайға қатысты пікір білдіріп, бірқатар сұраққа жауап берді, деп хабарлайды tobyl-torgai.kz.  Брифинг барысында Төтенше жағдайлар министрі Қостанай облысындағы өртті Ішкі істер министрлігі тексеріп жатқанын жеткізді. Министрдің сөзінше, өрттің ықтимал себептері бойынша тергеу жүргізілуде. Біріншіден, адам факторын жоққа шығаруға болмайды, өйткені өрт алдындағы күндері найзағай түсу сияқты табиғи құбылыстар байқалған жоқ. Сондықтан әртүрлі нұсқалар ...

Толығырақ »

Аманқарағай ауылындағы қазіргі жағдай қандай (ФОТОРЕПОРТАЖ)

Қостанай облысы Аманқарағай ауылында өртсөндірушілер жұмысын жалғастырып жатыр. Зардап шеккен ауылдың келбетін Tengrinews.kz фототілшісі Тұрар Қазанғаповтың репортажынан көруге болады, деп хабарлады tobyl-torgai.kz.  Қостанай облысындағы Аманқарағай ауылы — ең көп зардап шеккен ауыл. Мұнда 91 үй өртенген. Олардың барлығы жанып кеткен. 4 қыркүйекте кешке түтін Әулиекөлден Лаврентьевкаға дейін жеткен. ТЖМ мәліметтері бойынша, қазір бес учаскеде, яғни Аманқарағай, Лесное, Озерное, Бағаналы және Калинино ауылдарында ...

Толығырақ »

Өрттен зардап шеккендерге 91 үй салынады — Архимед Мұхамбетов

Қостанай облысының Әулиекөл ауданында орман өртінен зардап шеккендерге арналған жаңа үйлердің құрылысына жер бөлінді. Бұл туралы өңір әкімі Архимед Мұхамбетов айтты, деп хабарлайды tobyl-torgai.kz.  Премьер-Министр тапсырмасы бойынша Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі көмек көрсетіп жатыр. Бірлескен жұмыс тобы құрылды, — деді облыс басшысы. Сондай-ақ ол өңірдің ауа райына байланысты барлық жұмысты қазан айының соңына дейін аяқтауды тапсырды. Жоба бекітілгеннен кейін ...

Толығырақ »

Президент орман өртінен зардап шеккендермен кездесті

Қасым-Жомарт Тоқаев Қостанай облысында орман өртінен зардап шеккендермен кездесті, деп хабарлады tobyl-torgai.kz «БОРТ N1» Telegram-арнасына сілтеме жасап.  Шұғыл әрекет ету штабы отырысынан кейін Мемлекет басшысы орман өртінен зардап шеккен Аманқарағай ауылының аумағын аралады. Мемлекет басшысы Әулиекөл ауылындағы мектепте орналасқан эвакуациялау пунктінде зардап шеккен азаматтармен кездесіп, гуманитарлық көмек тарату пунктіне барды. Зардап шеккендермен кездесу барысында Қасым-Жомарт Тоқаев Үкімет қиын жағдайды еңсеру үшін барлық ...

Толығырақ »

Тоқаев Торғайға баратын болды

Президенттің алдын ала бекітілген жұмыс кестесіне сәйкес, Қасым-Жомарт Тоқаев 5 қыркүйек күні Қостанай облысына барады деп хабарлады tobyl-torgai.kz.  «Президенттің алдын ала бекітілген жұмыс кестесіне сәйкес, Қасым-Жомарт Тоқаев 5 қыркүйек күні Қостанай облысына барады. Жұмыс сапары аясында ағартушы, ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдық мерейтойының ресми іс-шараларына қатысады», – деп жазды Мемлекет басшысының баспасөз хатшысы Руслан Желдібай фейсбуктегі парақшасында.

Толығырақ »

Рудныйда қос азаматтығы бар тұрғын жазаға тартылды

Рудныйлық әйел қос азаматтығы үшін жауапқа тартылды, деп хабарлайды tobyl-torgai.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап.  Рудный қаласында тұратын 56 жастағы әйел 10 жылдан астам уақыт көші-қон саласындағы заңнаманы бұзып келген. Екі елдің азаматтығы бар әйел енді 600 мың теңгеден астам айыппұл төлеуі тиіс. Қос азаматтыққа қарсы іс-қимыл мәселесі бүгінгі күні өзекті болып отыр. Қостанай облысының аумағында көптеген фактілер анықталуда. Рудный қаласының әкімшілік істер ...

Толығырақ »

Рудныйда тұрғын үйлердің ауласынан 43 жастағы әйелдің мәйіті табылды

Рудныйда тұрғын үйлердің бірінің ауласынан 43 жастағы әйелдің мәйіті табылды. Болжам бойынша ол 4-қабаттың балконынан секіріп кеткен, деп хабарлайды tobyl-torgai.kz.   Қостанай облыстық Полиция департаментінің мәлімдеуінше, қайғылы оқиға 24 тамызда болған. Рудный қалалық полиция бөлімінің «102» пультіне Комсомольский даңғылы, 36 мекенжайынан әйел адамның денесі табылғаны туралы қоңырау түскен. Болжам бойынша, әйел тұрғын үйдің 4-қабатының балконынан секіріп кеткен. Қазігі кезде өлімнің мән-жайы ...

Толығырақ »

Әзербайжанда Ахмет Байтұрсынұлына көше беріледі

Бакуде Қасым-Жомарт Тоқаев пен Әзербайжан Республикасының президенті Ильхам Әлиевтің кездесулері аясында Сумгаит қаласының орталық көшелерінің біріне Алашорда басшыларының бірі, ұлт ұстазы, ағартушы, түркітанушы Ахмет Байтұрсынұлының атына көше берілді, деп хабарлады tobyl-torgai.kz.  Бұл туралы Әзербайжан Президенті Ильхам Әлиев Қасым-Жомарт Тоқаевпен кездесуінде айтты. Ол бауырлас екі ел арасындағы қарым-қатынас табысты дамитынына сенім білдірді.   фото: ашық дереккөз

Толығырақ »

Рудный әкімдігі бір қаламды 700 теңгеге сатып алмақ болған

Қостанай облысы Рудный қаласы әкімдігіндегі тұрғын үй инспекциясы бөлімі біреуі 727 теңге тұратын қалам сатып алмақ болған, деп хабарлайды tobyl-torgai.kz kstnews.kz-ке сілтеме жасап.  Роллер қаламсаптар жазуға өте ыңғайлы. Бірақ бұл қарапайым шарикті қаламсаптан он есе қымбат. Рудный қаласы тұрғын үй инспекциясы бөлімінің басшысы Мейірбек Смағұлов журналист сұрағына жауап берген жоқ. Ол кәдімгі шарикті қаламсапты сатып алуға не кедергі болғанын айта алмады. ...

Толығырақ »