ganibet

Денисов ауданында 61 жастағы тұрғынды өз үйінде өлтіріп кеткен

Қайғылы оқиға Денисов ауданының Глебов ауылында болды, деп хабарлайды tobyl-torgai.kz. Қостанай облыстық ПД баспасөз қызметінің мәліметінше, үйінен өлі табылған 61 жастағы тұрғынның денесінде зорлық-зомбылық белгілері бар. Марқұмның мәйіті 22 тамыз күні сағат 11:00 кезінде өз баспанасынан табылды. Жедел іздестіру шаралары барысында бұрын сотталған 60 жастағы ер адам күдікке ілінді. Қазір оны ұстау үшін іздестіру іс-шаралары жүргізіліп жатыр, — делінген ПД ...

Толығырақ »

Қостанай облысының барлық мектебі бес күндік форматта оқиды

Қостанай облысының мектептері оқу жылын бес күндік форматта бастайтын болды, деп хабарлайды tobyl-torgai.kz. Оқу-ағарту министрлігінің мәліметінше, Қостанай облысында өңірдегі барлық 457 мектеп бес күндік форматта оқиды. Онда 112 мың бала білім алады. Сонымен қатар өңірдегі 14 мыңға жуық мұғалім сенбі күні демалады. Бұл Оқу-ағарту министрлігінің оқу жүктемесін азайту, оқу жылын созу және оқу жүктемесін біркелкі қайта бөлу туралы шешімдерінің арқасында мүмкін болды. ...

Толығырақ »

Тәлімі терең тұлға

Көне көздердің кейінгілерге қалдырған әпсаналарына сүйенсек, менің балалық шағым өткен ауылдың аты кезінде Кенесары ханның бауыры Наурызбай батырдың қасындағы қандыкөйлек қырық жігітінің бірі Шәкір батырдың тұлпарының құрметіне Көкалат деп аталса керек. Сол ықылым заманнан бері қай қоғамның болса да географиялық картасынан түспей, тарыдай таңбаны иеленіп, Торғай даласының бір түкпіріндегі томаға-тұйық жатқан осы бір ауылдың  «басқа жерден бақ іздеп кеткен» біздей ...

Толығырақ »

Қостанай облысында шаруаларға субсидия ретінде бөлінген 484 млн теңге ұрланды

Қаржы мониторингі агенттігінің Қостанай облыстық департаменті мемлекеттік инвестициялық бағдарлама аясында 484 млн теңге бюджет қаражатының жымқырылғанын анықтады, деп хабарлайды tobyl-torgai.kz. Агенттіктің ақпаратынша, ақша шаруа қожалықтарына күн энергиясын пайдаланып құдықтардан су көтеретін құрал-жабдықтар сатып алуға субсидия ретінде бөлінген. Сот үш адамды кінәлі деп тапты. Іске қатысы бар бір адам 5 жылға, қалғандары 6 жылға бас бостандығынан айырылды. Үкім заңды күшіне енді. ...

Толығырақ »

Рудныйда бала көтерген ер адамды көлік қағып кетті

Рудныйда бала көтеріп, жолдан өтіп бара жатқан ер адамды көлік қағып кетті, деп хабарлайды tobyl-torgai.kz облыстық ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Рудный қаласы, Ленин көшесі, №60 үйдің жанында 18 жастағы жүргізуші Р есейде тіркелген «ВАЗ-2112» автокөлігін басқарып келе жатып, реттелмейтін жаяу жүргіншілер жолағында бала көтерген жаяу адамды қағып кетті. Оқиға салдарынан жаяу жүргінші мен бала түрлі дене жарақатын алды. Олар ...

Толығырақ »

Қостанай облыстық сотының судьясы ірі көлемде пара алу кезінде ұсталды

Қостанай облыстық сотының судьясы ірі көлемде пара алып жатқан жерінен ұсталды, деп хабарлайды tobyl-torgai.kz Жоғарғы соттың ресми сайтына сілтеме жасап. «Биылғы 17 тамызда Ұлттық қауіпсіздік комитеті мен Жоғарғы соттың Ішкі қауіпсіздік бөлімінің өзара іс-қимылы нәтижесінде Қостанай қаласында Қостанай облыстық сотының судьясы ірі көлемде пара алу кезінде ұсталды. Ақша мүдделі тараптың пайдасына соттың оң шешімін алу үшін көзделген. Басқа ақпарат тергеудің мүддесіне ...

Толығырақ »

Амангелді КЕҢШІЛІКҰЛЫ. Парасат майданының суреткері

    (Эссе)      Алтыншы сыныпқа көшетін жылы «Жүздесу» атты жинақтан халыққа танымал болып қалған бір топ қазақ қаламгерлерінің шығармаларын оқып шықтым. Солардың ішінен бір әңгіме ерекше әсер етіп, балалық көңілімде айрықша ізін қалдырып кетті. Әңгіменің аты «Оң қол», авторы – Төлен Әбдіков еді. Оймақтай ғана әңгіме мені түпсіз терең ойдың шыңырауына батырып жіберіп, жүрегімнің қақпасын қайта-қайта қаққан бір мазасыз сезім ұзақ ...

Толығырақ »

Ахмет Байтұрсынұлы һәм тіл

Егер де біз қазақ деген ұлт болып тұруды тілесек, қарнымыз ашпас қамын ойлағандай тіліміздің де сақталу қамын қатар ойлау керек. Ахмет Байтұрсынұлы   Жалпы, ес біліп, қара танығаннан Ахмет Байтұрсынұлының есімін естіп өстік. Биыл 150 жылдық мерейтойы кең көлемде аталып өтіп жатқан алашшыл қайраткерді тек торғайлық жерлесіміз деп емес, ұлтымыздың шын жанашыр тұлғасы ретінде танимыз. Кейін білім ала бастаған соң ...

Толығырақ »

Қостанайлық мүгедек азаматты Шымкентте қайыр сұрауға мәжбүрлеген

Шымкентте екінші топтағы мүгедектігі бар қостанайлық азамат  қайыр сұрауға мәжбүр болған. Еріктілер оны бір күн бұрын полицейлердің көмегімен құтқарып қалды, деп хабарлайды tobyl-torgai.kz inbusiness.kz порталына сілтеме жасап. Қостанайда 18 маусымда Алтынсарин-Шевченко қиылысына жақын жерде 66 жастағы Владимир Волк жоғалып кеткен. Куәгерлердің айтуынша, оны екі әйел көлікке отырғызған. Shymkent_lider.kz еріктілерінің айтуынша, оны Шымкентке әкеліп, қайыр сұрауға мәжбүрлеген. Оқиға куәгерлері еріктілерге «Жоғарғы базар» ауданында осындай мүгедектер ...

Толығырақ »

Қостанайда Қаңтар оқиғасына қатысқандар сот залынан босатылды

Қостанайдың №2 сотында қаңтар оқиғасына қатысты үкімді жарияланды. Рұқсат етілмеген митингіге қатысқан төрт азамат – Әмірбек Әнуханов, Ерназар Рамазан, Дамир Абулов және Андрей Бурдюк сот алдында жауап берді, деп хабарлайды tobyl-torgai.kz «ТоболИнфо«-ға сілтеме жасап. Оларға 5 қаңтарда Қостанайда жаппай тәртіпсіздікке ұласқан рұқсат етілмеген митингіге қатысты, сондай-ақ билік өкіліне күш қолданды деген айып тағылған. Сот процесі кезінде екінші айып алынып тасталды. 19 ...

Толығырақ »