ganibet

Архимед Мұхамбетов Омбыда Қазақстан-Ресей өңіраралық форумына қатысты

Қостанай облысының әкімі Архимед Мұхамбетов Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың басшылығымен қазақстандық делегация құрамында Ресей Федерациясының Омбы қаласында өтіп жатқан XVI Қазақстан және Ресей өңіраралық ынтымақтастық форумына қатысты. Бұл туралы tobyl-torgai.kz тілшісі әкімдіктің ресми сайтына сілтеме жасап хабарлайды.  Форум жұмысына өңір және облыс басшылары, мемлекеттік орган мен бизнес саласының өкілдері қатысты, сондай-ақ, форум жұмысы барысында шекаралық ынтымақтастықты дамыту мәселелер қаралды, ресейлік өкілдермен ...

Толығырақ »

Әр ауданда ауыз толтырып айтарлықтай істер бар — Марат ЖҮНДІБАЕВ

Қостанай облысында «Рухани жаңғыру» бағдарламасы бойынша атқарылған істер қорытындыланды деп хабарлайды tobyl-torgai.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.  «Рухани жаңғыру» бағдарламасының жүзеге асқанына екі жылдан астам уақыт өтті. Сол уақыт аралығында өңірде қоғамдық сананы жаңғырту бағытында түрлі жобалар қолға алынып, ауқымды жұмыстар атқарылуда. Әр тоқсан сайын облыс әкімдігінің жанындағы консультативті кеңесші орган қоғамдық мәжіліс өткізіп тұрады. Бүгінгі кездесу облыс әкімінің орынбасары Марат Жүндібаевтың ...

Толығырақ »

Қостанайда мұғалім оқушыны ұрған

Қостанай қаласының мамандандырылған әкімшілік сотында сабақ үстінде оқушыны ұрған мұғалімге қатысты сот үкімі шықты. Облыстық соттың баспасөз қызметі таратқан мәліметке сүйенсек, А. есімді мұғалім сабақ үстінде Б. есімді оқушыға жұдырық жұмсаған. «Бастапқыда мұғалім кінәсін мойындамаған. Бірақ сот отырысы барысында оның кінәсі куәгерлердің айғағымен расталды» дейді облыстық соттың баспасөз қызметіндегілер. Қостанай қаласының мамандандырылған әкімшілік сотының қаулысымен мұғалім ҚР ӘҚБтК 73-бабының 1-бөлігі ...

Толығырақ »

Қостанай облысының шалғай ауылдарына газ тартылады

Әулиекөл ауданының Құсмұрын елді мекеніне газ құбырын тартуға 4 млрд теңге бөлінді. Бұл туралы Әулиекөл ауданы әкімі Ерлан Теменов мәлім етті деп хабарлайды ҚазАқпарат. Аудан әкімінің сөзіне қарағанда, құрылыс-монтаждау жұмыстары 3 жылға есептелген. Оны республикалық және облыстық бюджет қаржыландырады. Көгілдір отын игілігін құсмұрындықтар ғана емес, Чернигов ауылының тұрғындары да көрмек. «Жобада көрсетілген үш жыл аясында мердігер компаниялар газ жеткізуші және ...

Толығырақ »

«Құлагерді» өз мақамымен жырлаған

Қостанайда қазақтың жыршылық өнеріне үлкен үлес, жаңашыл леп әкелген композитор бар. Бірнеше мақамның авторы. Таңды таңға ұрып жырлайтын таңғажайып жадының иесімен таяуда кездейсоқ жолығып, аз-кем әңгімелескен едік. Есім-сойы – Нағашыбай Алпысов. – Жыршылық маған тұқым­мен берілген қасиет десем, қате­леспеспін, балам, – деді сонда жыршы. – Әкем Алпыс өнерге бейім адам еді, жарықтық. Жады керемет мықты болды. Өзіміздің әулеттің, Торғай бойындағы ...

Толығырақ »

Қостанайда 2 дәріхана құрамында есірткі бар дәрілік препараттар сақтаған

Қостанайлық полиция қызметкерлері «Допинг» жедел-алдын алу іс-шарасы барысында 6 есірткі қылмысын анықтады. Бұл туралы облыстық ПД баспасөз қызметі хабарлады. Баспасөз қызметінің мәліметінше, Қостанай қаласында жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу кезінде бұрын есірткі заттарының заңсыз айналымы үшін сотталған 56 жастағы ер адам ұсталған. Одан жалпы салмағы 8 грамға жуық 31 героин тәркіленді. Күдіктіге қатысты ҚР ҚК-нің 296-бабының 4-бөлігі «Есірткі заттарды аса ірі мөлшерде ...

Толығырақ »

Қостанайда бір әйел көпірден секіріп кетті

Қостанай қаласында көпірден секіріп кеткен әйелге қатысты тергеу жұмыстары жүргізіліп жатыр деп хабарлайды облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметі. Оқиға бүгін сағат 10.16-да Қостанай қаласында болған. «102» кезекші пультіне көпір жанындағы бордюрға бір әйелдің мініп тұрғаны хабарланды. Оқиға орнына жедел тергеу тобы жұмылдырылды. Сәлден соң Тобыл өзенінен әйелдің денесі шығарылды. Алдын ала болжам бойынша, ол көпірден секіріп кеткен. Қазіргі уақытта әйел ...

Толығырақ »

Қарттарын қадірлеген ел өркендер

Жангелдин ауданы Көкалат ауылында қарияларға арналған тағылымды іс-шара өтті. «Ажар» дәмханасында тұрғындарға ас беріліп, Албарбөгет орта мектебі оқушылары әзірлеген «Қарттар – тарих, қазына, ел қазығы» атты мерекелік концерт ұсынылды. «Бүгінде Көкалатта зейнет жасындағы 63 адам бар. Оларға жағдай жасау әрқашан біздің назарымызда. Ауылдық округте 17 жеке шаруа қожалығы тіркелген. Кәсіпкерлер мемлекеттік бағдарламаға белсенді қатысады. Бизнестің әлеуметтік жауапкершілігін ұмытқан емес. Соның нәтижесінде ...

Толығырақ »

«Қазгидромет» ескертеді: Қостанай облысында дауыл соғуы мүмкін

Қостанай облысында ауа райына байланысты ескерту жарияланды деп хабарлайды tobyl-torgai.kz «Қазгидромет» РМК өкілдеріне сілтеме жасап. 3 қазан күні Қостанай облысының кей жерлерінде тұман түседі. Күндіз оңтүстік-батыстан жылдамдығы секундына 15-20 метр жел соғады. «Ал 3 қазан күні күндіз Қостанайда оңтүстік-батыстан соққан желдің жылдамдығы секундына 18 метр жылдамдыққа жетеді. Дауылдың ықтималдығы 90-95%» дейді синоптиктер.  

Толығырақ »

Қостанайлық бала 7 жыл бойы мүгедектік төлемін ала алмаған

Қостанайда 7 жасар балаға 7 жыл бойы мүгедектік тобы қойылмаған деп хабарлайды ҚазАқпарат. 26 жастағы Айсұлу Шибаева – екі баланың анасы. Ол екінші топтағы мүгедектігі үшін зейнетақы мен атаулы әлеуметтік көмек алады. Жеті жыл бұрын жол апатына түсіп, бірқатар ауыр ота өткерген. Бір жылдай төсек тартып жатқан келіншек аяққа тұрып, тіпті, екінші баласын дүниеге әкелді. Дәрігерлер Айсұлу Шибаеваның тұңғышына ұзақ ...

Толығырақ »