ganibet

Арқалық және Рудный Құрылыс бөлімдерінің басшылары пара алды деген күдікке ілінді

Қостанай облысының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес қызметі Рудный және Арқалық қалаларында құрылыс бөлімдерінің басшыларына қатысты сыбайлас жемқорлық қылмыс жасады деген күдік бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастады. Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлады. Рудный қаласы әкімдігінің «Рудный қалалық құрылыс бөлімі» ММ басшысы «Рудный қаласындағы шағын аудандарды газдандыру» нысаны бойынша құрылыс жұмыстары шартын бір көзден алу тәсілімен жасағаны үшін және орындалған жұмыстардың актілерін кедергісіз ...

Толығырақ »

Студенттік жатақханалар құрылысын өз бақылауыма аламын — Архимед МҰХАМБЕТОВ

Қостанай облысының әкімдігінде өткен селекторлық жиында студенттік жатақханалардың құрылыс мәселесі талқыланды. Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлады. Қостанай облысында Автомобиль жолдары, Политехникалық және Медициналық колледждер студенттері үшін жатақханалар салу жоспарлануда. Облыс әкімінің орынбасары Сергей Карплюк атап өткендей, жатақхананың құрылысы ауылдық жерлердегі жастарды тұрғылықты баспанамен қамтамасыз етуге және 1250 студенттің өмір сүру жағдайын жақсартуға мүмкіндік береді. «Қазіргі уақытта екі жатақхананың жобалық-сметалық құжаттамасы әзірленді. ...

Толығырақ »

Футбол: «Тобыл» қақпашысы рекорд жаңартты

Қостанайлық «Тобылдың» қақпашысы Эмиль Балаев өз қақпасына 699 минут бойы гол жібермеген. Бұл — 2019 жылғы футбол маусымының жаңа рекорды.  Әзербайжан құрамасының қақпашысы соңғы рет осы жылдың 28 шілдесі күні «Қайсар» шабуылшысы Куле Мбомбодан гол жіберді. «Эмиль Балаев осы маусымдағы өзінің рекордын қайта жаңартты. Бұған дейін оның көрсеткіші 683 минут болған. Егер ол алдағы матчта 14 минут қақпасын «аман» ұстаса, ...

Толығырақ »

«Қостанайда Бейімбеттің музейі болуы тиіс!..»

Қазақ әдебиетінің Би-ағасы – Бейімбет Майлиннің кіндік қаны тамған жер Әйет өзені бойында жатыр. Тобылдың арналы саласы толықсып ағады. Қазақ даласының тастақты, қыратты келетін бір сұлу өңірі бұл. Жылдың төрт мезгілінде асыл тастың қырындай құлпыратын, көкмайса жазы, сарыала тон кигендей күзінің көркемдігі көрген жанның есінен кетпейді. Халық ақыны Нұрхан Ахметбековтің: «Сазды Әйет, Сарыарқада Түйемойнақ, Сары жайлау, сабатына бие байлап, Отырып ...

Толығырақ »

Қостанай облысында 600 шақырым жол жөнделеді

Қостанай облысында 2020 жылы 606 шақырым жол қалпына келтіріледі. Бұл туралы облыс әкімдігінде өткен аппарат мәжілісінде айтылды деп хабарлайды ҚазАқпарат.  Өңірде облыстық және аудандық маңызға ие 7 879 шақырым көлік жолы бар. Оның 69%-і қалыпты жағдайда. Жолаушылар көлігі және автокөлік жолдары басқармасының басшысы Бақытбек Есенғұловтың сөзінше, биыл «Нұрлы жол» бағдарламасы аясында 514 шақырым автокөлік жолы жөндеуден өткен. Жұмсалған қаржы көлемі ...

Толығырақ »

Астықты өңірде нан бағасы қымбаттап кеткен

Архимед Мұхамбетов өңірдегі азық-түлік бағасының көтерілуіне жол бермеу үшін кешенді шаралар қабылдауды тапсырды деп хабарлайды ҚазАқпаратқа сілтеме жасаған tobyl-torgai.kz. Республикадағы ұн өнімдерінің 30%-тен астамы Қостанай облысында өндіріледі. Соған қарамастан, облыста жыл басынан бері ұн өнімдері мен күріш, қарақұмық, картоп, сәбіз, картоп, жуа, сары май, ет, сүт тауарларының бағасы едәуір қымбаттаған. Әсіресе, әлеуметтік маңызы бар азық-түлік бағасының көтерілуі жұртты алаңдатып отыр. ...

Толығырақ »

Қостанай облысында жемқорлыққа қарсы қаулы қабылданды

Nur Otan партиясы Қостанай облыстық филиалында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша Қоғамдық кеңестің отырысы өтті деп хабарлайды ҚазАқпарат. Жиын барысында білім саласындағы қоғамдық кеселдің алдын алу жолдары мен 2019 жылдың соңына дейінгі жоспар тізілді. Жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаментінің ақпаратына сәйкес, Қостанай облысында соңғы үш жылда білім саласында 22 қылмыс тіркелген. Оның басым бөлігін білім беру мекемелерінің балабақша меңгерушілері мен есепшілері ...

Толығырақ »

Қостанайда полицей жол-көлік оқиғасына себепкер болды

Қостанайда тәртіп сақшысының қатысуымен болған жол-көлік апатына қатысты қызметтік тексеріс басталды деп хабарлайды ҚазАқпарат. Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, оқиға кеше Мәуленов-Досжанов көшелерінің қиылысында болған. «22 қыркүйек күні түнгі сағат 3.43-те полиция қызметкері мінген Mitsubishi Outlander көлігі жол қиылысында 32 жастағы жүргізушінің ВАЗ-2110 көлігімен соқтығысқан. Соққы салдарынан «Ваз 2110» көлігі алдында тұрған «Ваз 2107» көлігіне зақым келтірген. Салдарынан «ВАЗ-2110» автокөлігінің ...

Толығырақ »

Төртінші деңгейдегі бюджет: көш түзеле ме?

Көз – қорқақ, қол – батыр «Аудандық, қалалық, ауыл­дық деңгейдегі билік жергілікті маңызы бар мәселелерді шешу барысында экономикалық тұрғыдан мейлінше дербес болуы тиіс» деп көрсетті. Бұл орайда төртінші деңгейдегі бюджетті қалыптастыру, жергілікті өзін өзі басқару ісін нығайту бұрнағы жылдардан бері жалғасып келеді. Былтыр облыс­та кемінде 2000 тұрғыны бар 45 ауылдық округ төртінші дең­гей­дегі бюджетке көшкен еді. Олар енді ауылдағы қаржы ...

Толығырақ »

Ахмет Байтұрсынұлы — тіл туының тұғыры

(«Рухани жаңғыру: қазақ тілі – ұлтаралық қатынас тілі» атты халықаралық ғылыми-практикалық конференциядағы баяндама) Заманында «ұлттың ар-ожданы» атанған Ахмет Байтұрсынұлының тіл туын көтеріп, оның бекем тұғырына айналуы кездейсоқ емес еді. Ресей империясы қилы амалмен құрамына қосып алған тегі бөтен жұрттарды орыс тілін таңу арқылы  отарлаушы  халыққа  сіңістіруге,  яғни  ассимиляциялауға қатты көңіл бөлгені мәлім. Дінді де ортақтас- тыруға тырысты. Ақыры, «иланымы магометандық ...

Толығырақ »