ganibet

Қасиетті Ұлытау – ұлтты ұйыстырудың, елді біріктірудің негізі

Ақорданың баспасөз қызметі Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Ұлытау – 2019» халықаралық туристік форумында сөйлеген сөзінің толық мәтінін таратты деп хабарлайды tobyl-torgai.kz.  Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Ұлытау – 2019» халықаралық туристік форумында сөйлеген сөзі Құрметті Форумға қатысушылар! Қасиетті Ұлытау жеріне қош келдіңіздер! Бұл – бүкіл Қазақ елі қадір тұтатын қастерлі өлке. Ұлытау – ұлтымыздың алтын бесігі, тағылымды тарихымыздың куәсі. «Үш жүздің басын қосқан Ұлытауда» ...

Толығырақ »

Абайды жатқа оқитын қыз (видео)

Мемлекет басшысы Қасым-Жо­март Тоқаев 9 жастағы мектеп оқу­­шысы Ләйлім-Шырақтан қазақтың бас ақыны Абай Құнан­байұлының өле­ңін оқу эстафетасын қабылдап, жал­ғастырғаны сол еді, өзгелер де челленджге жаппай атсалысып жатыр. Бұдан Қостанай қаласының әкімі Қайрат Ахметов те қалыс қалған жоқ. Ол да ақын шығармасынан үзінді оқып, эстафета тізгінін Татьяна Ситникова есімді бойжеткенге жолдаған болатын. Хош.  Әкім Таняға бекер жолдамаған екен. Ол мемлекеттік тілді ...

Толығырақ »

Қарабалық ауданында өрт шықты

Қостанай облысы Қарабалық ауданының Новотроицк ауылынан бес шақырым жерде өрт шықты деп хабарлайды ҚазАпқарат тілшісі облыстық Төтенше жағдайлар департаментіне сілтеме жасап. «Теміржолды жағалай өсіп тұрған 3 гектар жердегі ағаштар өртенген. Құрбан болғандар мен зардап шеккендер жоқ. Елді мекендерге де қауіп жоқ» деп мәлім етті департаменттен. Алдын ала деректерге қарағанда, өрттің тұтануына тепловоздан шыққан қалдықты газдың ұшқыны себеп болған.    

Толығырақ »

Тасты ауылы «тастанды» болды ма?..

«Тасты ауылы жабылады» деген аудиожазба тарап жатқаны белгілі. Бәрі де Елбасының күні кешегі «Нұр Отан» партиясының жиынында «паразит ауылдарды көшіру» туралы мәлімдемесінен кейінгі қауырт қолға алынған шаруа сияқты. Бірақ «болашағы жоқ ауыл» деген критериі қалай анықталады? Оны түсіндіріп беретін жан бар ма?» деп жазады журналист Бақытнұр Әлібай Фейсбуктегі парақшасында.  Әңгімеге арқау болған Тасты ауылына тоқталсақ. Бірнеше шаруа қожалығы бар, 1 ...

Толығырақ »

Байтұрсынұлына шіріген жұмыртқа лақтырған кім?!.

Смағұл Сәдуақасов баяндамасын осылай өрбіте жөнелген кезде, трибунада тұрған оның үстіне залдан лақтырылған шірік овощтар жауды да кетті… Сәдуақасов сахна сыртына қашып шықты… Содан кейін мәжілістің кейінгі жағы өткізілместен, «юбилей» тарады… Байтұрсыновқа қарсы студенттердің өтінішімен, сол күні түнде «Қара тақтаға жазылмаңдар, шешендер» деген атпен жазылған менің мақалам ертеңіне республикалық «Еңбекші Қазақстан» газетінің 69-нөмірінде (1923 жылы) бас мақала болып жарияланды. 1923 ...

Толығырақ »

Диплом да кепілдік бола алмайды

Бүгінде екі қолға бір күрек таппасаң, көшеде қаңғып қаласың. Сол себепті де елімізде күнкөрістің қамымен кез келген жұмысты істеп жүрген азаматтар көп. Ауыр қара жұмыстарға жегіліп жүрген жастар да жоқ емес. Бұған, басқа қаланы айтпағанда, Алматыдағы Сейфуллин көшесі мен Нұр-Сұлтандағы «Артем» сауда үйі маңында қолдарына көк пакет ұстап, әр көлікке телміріп тұрған жігіттер дәлел бола алады. Көбі ЖОО-да оқымаған десек ...

Толығырақ »

Қостанай облысында 5 цифрлық, 6 смарт-ферма құрылады

Қостанай облысының әкімдігі ауыл шаруашылығын цифрландыру бағыты бойынша жұмыс жоспарын бекітті деп хабарлайды ҚазАқпарат. Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасының басшысы Жансұлтан Тәукенов цифрландыру бағдарламасының орындалуы туралы мәлімет берді. «Облыс әкімдігі Сәкен Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университетімен бірігіп, нақты егіншілік технологияларын енгізу бойынша өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды. Бұған қоса, цифрлық технологияларды енгізудің 5 ...

Толығырақ »

Қостанай облысында жем-шөп бағасы қымбат

Қостанай облысында бір тонна шөптің бағасы 30 мың теңгеге дейін барады. Мұның себебін облыстық Ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасының басшысы Жансұлтан Тәукенов түсіндіріп берді деп хабарлайды ҚазАқпарат.  Өткен жылдармен салыстырғанда биыл облыста шөптің шығымы тым төмен. Көктегендерінің өзі аптап ыстықта сарғайып, күйіп кеткен. Тиісінше жем-шөптің бағасы шарықтап кеткен. Кейбір аудандарда оның тоннасы 30 мың теңгеге дейін барады. «Өңірлерде шөп ...

Толығырақ »

Әулиекөл ауданының тұрғыны өз үйінде өртеніп кетті

Қостанай облысында жеке үй өртеніп, ер адамның мәйіті табылды деп хабарлайды ІІМ Төтенше жағдайлар комитеті. «13 шілде күні 22:22-де өртке қарсы қызмет пультіне Қостанай облысы Әулиекөл ауданы Новонежинка ауылындағы жеке үйдің өртенгені туралы ақпарат келіп түсті. Үйдегі өрт жақын маңдағы шаруалық құрылысқа өткен және жалпы 180 шаршы метр аумақты от шарпыған» делінген хабарламада. Өрт сөндірушілер тілсіз жауды сағат 00:54-те толық ...

Толығырақ »

Бокстан Әлем чемпионы Қостанайда адам өлтірді деген күдікке ілінді

Бокстан әлем чемпионы Аслан Мұқановқа кісі өлтірді деген айып тағылды. Бұл туралы облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады. Кісі өлімі 11 шілдеде облыс орталығына жақын жердегі «Алтын дала» ауылында болған. Полицияның кезекші бөліміне бір әйел хабарласып, отағасының өлі денесін тапқанын айтқан. — Жедел іс шаралары барысында қылмыстық істің бетін аштық. Күдікті Заречный ауылына қарай қашпақ болды. Әріптесіммен бірге сол маңайдағы ...

Толығырақ »