Тарих

Міржақып ДУЛАТҰЛЫ. Баспасөзіміз не күйде?

1923 жылы «Еңбекшіл қазақ» газетінің № 60 санында 7 бөлімнен тұратын «Баспасөзіміз не күйде?» мақаласы шыққан. Көлемді мақаланы Мадияр атты бүркеншік есіммен Міржақып Дулатов жазған.  Баспасөзіміз не күйде?  І Төңкерістен бұрынғы қазақ халқының өмірі, басынан кешірген кемшілік, мұңшылықтары, қысқа күнде қырық сөйленіп, шайырдай шайналып, бұл кезде сегіздегі бала, сексендегі шалға шейін таныс болды. Енді ол заманды жаман десек, ол заманның қайта айналуын көксемесек, ...

Толығырақ »

Тарихи 26 тамыз жайында

26 тамыз – кеңестік қазақ мемлекетінің туған күні. Қазақ Республикасының. Біздің советтік мемлекетіміздің. Біздің бүгінгі Қазақстан Республикасы атты тәуелсіз мемлекетіміздің ізашары болған таптық мемлекеттік бірліктің дүниеге келген күні. Бүкілроссиялық Орталық Атқару Комитеті мен Халық Комиссарлары Кеңесі 1920 жылғы 26 тамызда Қазақ Автономиялық Советтік Социалистік Республикасын құру жөнінде арнайы Декрет шығарған еді. Бұл Ресей патшалығы жойған елдігімізді жаңа тұрпатта жаңғыртуға тырысқан ...

Толығырақ »

Байтұрсынұлына шіріген жұмыртқа лақтырған кім?!.

Смағұл Сәдуақасов баяндамасын осылай өрбіте жөнелген кезде, трибунада тұрған оның үстіне залдан лақтырылған шірік овощтар жауды да кетті… Сәдуақасов сахна сыртына қашып шықты… Содан кейін мәжілістің кейінгі жағы өткізілместен, «юбилей» тарады… Байтұрсыновқа қарсы студенттердің өтінішімен, сол күні түнде «Қара тақтаға жазылмаңдар, шешендер» деген атпен жазылған менің мақалам ертеңіне республикалық «Еңбекші Қазақстан» газетінің 69-нөмірінде (1923 жылы) бас мақала болып жарияланды. 1923 ...

Толығырақ »

Ржев жерінен табылған торғайлық жауынгерге қатысты тың деректер (видео)

1941-45 жылдары Торғайға қарасты Қызбел ауылынан майдан даласына 287 жігіт аттанған. 100 жауынгер елге аман орлағанымен 87 сарбаздан қара қағаз келген немесе із-түссіз жоғалып кеткен. Бұл қолдағы бар деректер бойынша жасалған статистика. Он күн бұрын Мәскеуден екінші дүниежүзілік соғыс кезінде талай шайқасты бастан өткерген Ржев жерінен қазақ солдатының сүйегі табылды деген хабар келген-тұғын. Табылған жауынгер қазіргі Қостанай облысы Жанкелді ауданы Қызбел ауылдық ...

Толығырақ »

АЛАШОРДА: Сурет сыртындағы тарих

1917 жылы 13 желтоқсанда құрылған Алашорда автономиялық республикасы 1920 жылы 26 тамызда кеңес үкіметінің пәрменімен жасақталған кеңестік Қазақ автономиясының құрылуына негіз болған еді. 1936 жылы ол автономия кеңес құрамындағы жеке республикаға айналды. Кеңестік республикаларды құру кезінде шекара белгілеу мәселесі, негізінен,  Қазақ автономиясы құрылған кездегі межемен белгіленді. Олай болса, қазіргі таңдағы тәуелсіз Қазақстанның ұлан-ғайыр жерге ие болып қалу мәртебесі Алаш зиялыларының ...

Толығырақ »

Торғайдағы ашаршылық туралы

Жалпы, 1920 немесе 1930 жылдардағы ашаршылық қазақ даласының барлық аймағын қамтығаны мәлім. Десек те, кейбір деректерге қарап отырып, мынадай жағдайды айта кетейік. Әрбір 12 жыл сайын қазақ даласында ашаршылық болып отырған екен. Бір жақсы жері, ол ашаршылықтарда халық жылу жинап, аштарға жәрдем беріп, тез көтеріліп отырған. Мысалы, қазақ даласында қоян жылдары жұт күшті болып, Ақ қоян жылы, Көк қоян жылы ...

Толығырақ »

Наушабайдың Нұржаны

Қаңтарда қарсы желге ұшқан — дауылпаз ақын Нұржан Наушабаев 1856 жылы бұрынғы Николаевск уезі (қазіргі Қостанай) ауданында туған. Руы — ұзынқыпшақтың ішінде құттық. Жасында мұсылманша оқып білім алған, кейіннен Троицкідегі медресені бітіріп шыққан, орысша-қазақша сауатты болған. Нұржан әнші, ақын, күйші, сері, палуан, яғни бір басына жетерлік «сегіз қырлы» өнері болған көрінеді. Нұржанның басындағы осыншама өнерді ұлы ағартушы Ыбырай Алтынсарин ерекше ...

Толығырақ »

Ыбырай Алтынсарин туралы тың деректер

Істің болар қайырлы, Бастасаңыз Аллалап, Оқымаған жүреді, Қараңғыны қармалап, Мал — дәулеттің байлығы Бір жұтасаң жоқ болар, Оқымыстың байлығы Күннен күнге көп болар, Еш жұтамақ жоқ болар. ******* Әлпештеген ата-ана, Қартаятын күн болар, Қартайғанда жабығып, Мал таятын күн болар, Атамаған жүреді, Ата-анаң қартайса — Тіреу болар бұл оқу. Қартайғанда мал тайса — Сүйеу болар бұл оқу. Бұл бүкіл Қазақ даласын ...

Толығырақ »

ҚАРУЫН ТАСТАМАҒАН ҚАҺАРМАН

…Ел жадынан әлі өше қоймаған, құпиясы мен күмәні көп өткен ғасырдың маңызды оқиғаларының бірі – Торғай жеріндегі 1916 жылғы ұлт-азаттық көтеріліс пен Алаш қозғалысына қатысты мәселе. Әлі күнге дейін Торғай елінің халқы көтерілістің басталуы, патша әскерлерімен бірнеше рет жан алып, жан беріскен шайқастар ғана емес, Амангелдінің өлімі, Кейкінің шырғалаңға толы тағдыры мен қазасы, Әлібиге қатысты қайшылықты пікір, Әбдіғапардың өлімі, Торғайда ...

Толығырақ »

Кейкі батыр: аңыз бен ақиқат

Басқа басқа біз бала кезімізден Кейкі батырдың ерлігі мен өрлігін естіп өстік. Торғай даласында Кейкі Көкембайұлы туралы әңгімелерді әрқайсымыздың аталарымыз бен әжелеріміз аңыз қылып айтып отырушы еді. Сондай әңгімені ең алғаш рет Кейкі батырдың көп жүрген жерлерінің бірі Ұлы Жаланшық өзені бойында Қатеш әжем аузынан естіп едім. Жыл сайын жаз мезгілінде қырдағы Әбілда нағашымыздың ауылына баратынбыз. Сонда Қатеш әжеміз Кейкінің ...

Толығырақ »