Қостанай облысындағы өрттің салдарынан баспанасынан айырылған тұрғындар үшін жаңа тұрғын үйлер салынады. Бұл туралы Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министрі Еркебұлан Дауылбаев айтты, деп хабарлайды tobyl-torgai.kz. Тілсіз жалыннан ең көп зардап шеккен елді мекеннің бірі – Аманқарағай ауылы. Жалпы алғанда, Қостанай облысындағы өрт 108 нысанды шарпыды. Оның 91-і – тұрғын үй. Соның ішінде Аманқарағай ауылында 85, Озерное ауылында 6 баспана зақымдалған. ...
Толығырақ »Таспа
Тоқаев шұғыл әрекет ету штабына бірқатар тапсырма берді
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев шұғыл әрекет ету штабына бірқатар тапсырма берді, деп хабарлайды tobyl-torgai.kz Ақордаға сілтеме жасап. Мемлекет басшысы Төтенше жағдайлар министрі Юрий Ильиннің баяндамасын тыңдап, өртті толық әрі жылдам ауыздықтау үшін шұғыл әрекет ету штабына бірқатар тапсырма берді. Сондай-ақ ведомство қызметкерлерінің әлеуметтік мәселелерін шешіп, кәсіби кадрлардың дайындығын арттыру қажет екенін айтты, — делінген хабарламада. Еске салайық, Мемлекет басшысы Қостанай облысына ...
Толығырақ »Қостанайдағы қару-жарақ дүкенінде болған жарылыстың ВИДЕОСЫ тарады
Қостанайдағы қару-жарақ дүкенінің жарылған сәті видеоға түсіп қалған, деп хабарлайды tobyl-torgai.kz azattyq-ruhy.kz-ке сілтеме жасап. «Оружейная палата» аңшылық дүкенінде болған жарылыс сәті сол маңнан өтіп бара жатқан көліктің бейнетіркегішіне түсіп қалған. Еске салсақ, 3 қыркүйекте сағат 11:20-да қаладағы Н.Назарбаев даңғылы, 115 мекенжайында бір қабатты «Оружейная палата» аңшылық дүкенінің ғимаратынан шыққан өрттің соңы жарылысқа ұласқан болатын. Өрт жақын маңдағы ТЖО ғимаратының шатыры ...
Толығырақ »«Адами факторды жоққа шығаруға болмайды»: ТЖМ өртке қатысты мәлімдеме жасады
Төтенше жағдайлар министрі Юрий Ильин Қостанай облысындағы жағдайға қатысты пікір білдіріп, бірқатар сұраққа жауап берді, деп хабарлайды tobyl-torgai.kz. Брифинг барысында Төтенше жағдайлар министрі Қостанай облысындағы өртті Ішкі істер министрлігі тексеріп жатқанын жеткізді. Министрдің сөзінше, өрттің ықтимал себептері бойынша тергеу жүргізілуде. Біріншіден, адам факторын жоққа шығаруға болмайды, өйткені өрт алдындағы күндері найзағай түсу сияқты табиғи құбылыстар байқалған жоқ. Сондықтан әртүрлі нұсқалар ...
Толығырақ »Аманқарағай ауылындағы қазіргі жағдай қандай (ФОТОРЕПОРТАЖ)
Қостанай облысы Аманқарағай ауылында өртсөндірушілер жұмысын жалғастырып жатыр. Зардап шеккен ауылдың келбетін Tengrinews.kz фототілшісі Тұрар Қазанғаповтың репортажынан көруге болады, деп хабарлады tobyl-torgai.kz. Қостанай облысындағы Аманқарағай ауылы — ең көп зардап шеккен ауыл. Мұнда 91 үй өртенген. Олардың барлығы жанып кеткен. 4 қыркүйекте кешке түтін Әулиекөлден Лаврентьевкаға дейін жеткен. ТЖМ мәліметтері бойынша, қазір бес учаскеде, яғни Аманқарағай, Лесное, Озерное, Бағаналы және Калинино ауылдарында ...
Толығырақ »Өрттен зардап шеккендерге 91 үй салынады — Архимед Мұхамбетов
Қостанай облысының Әулиекөл ауданында орман өртінен зардап шеккендерге арналған жаңа үйлердің құрылысына жер бөлінді. Бұл туралы өңір әкімі Архимед Мұхамбетов айтты, деп хабарлайды tobyl-torgai.kz. Премьер-Министр тапсырмасы бойынша Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі көмек көрсетіп жатыр. Бірлескен жұмыс тобы құрылды, — деді облыс басшысы. Сондай-ақ ол өңірдің ауа райына байланысты барлық жұмысты қазан айының соңына дейін аяқтауды тапсырды. Жоба бекітілгеннен кейін ...
Толығырақ »Президент орман өртінен зардап шеккендермен кездесті
Қасым-Жомарт Тоқаев Қостанай облысында орман өртінен зардап шеккендермен кездесті, деп хабарлады tobyl-torgai.kz «БОРТ N1» Telegram-арнасына сілтеме жасап. Шұғыл әрекет ету штабы отырысынан кейін Мемлекет басшысы орман өртінен зардап шеккен Аманқарағай ауылының аумағын аралады. Мемлекет басшысы Әулиекөл ауылындағы мектепте орналасқан эвакуациялау пунктінде зардап шеккен азаматтармен кездесіп, гуманитарлық көмек тарату пунктіне барды. Зардап шеккендермен кездесу барысында Қасым-Жомарт Тоқаев Үкімет қиын жағдайды еңсеру үшін барлық ...
Толығырақ »Мемлекет басшысы Қостанай облысына келді
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қостанай облысына жұмыс сапарымен барды, деп хабарлады tobyl-torgai.kz. Сапар барысында Әулиекөл ауданындағы өрт сөндіру жұмыстарымен танысады. Фото: БОРТ N1
Толығырақ »Тоқаев Торғайға баратын болды
Президенттің алдын ала бекітілген жұмыс кестесіне сәйкес, Қасым-Жомарт Тоқаев 5 қыркүйек күні Қостанай облысына барады деп хабарлады tobyl-torgai.kz. «Президенттің алдын ала бекітілген жұмыс кестесіне сәйкес, Қасым-Жомарт Тоқаев 5 қыркүйек күні Қостанай облысына барады. Жұмыс сапары аясында ағартушы, ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдық мерейтойының ресми іс-шараларына қатысады», – деп жазды Мемлекет басшысының баспасөз хатшысы Руслан Желдібай фейсбуктегі парақшасында.
Толығырақ »Рудныйда қос азаматтығы бар тұрғын жазаға тартылды
Рудныйлық әйел қос азаматтығы үшін жауапқа тартылды, деп хабарлайды tobyl-torgai.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап. Рудный қаласында тұратын 56 жастағы әйел 10 жылдан астам уақыт көші-қон саласындағы заңнаманы бұзып келген. Екі елдің азаматтығы бар әйел енді 600 мың теңгеден астам айыппұл төлеуі тиіс. Қос азаматтыққа қарсы іс-қимыл мәселесі бүгінгі күні өзекті болып отыр. Қостанай облысының аумағында көптеген фактілер анықталуда. Рудный қаласының әкімшілік істер ...
Толығырақ »