Таспа

Ахмет Байтұрсынұлы ауылының туризм мүмкіншілігі

Биыл ЮНЕСКО деңгейінде Ахмет Байтұрсынұлының мерейтойы аталып өтпекші, ал, Ахаң ауылы қай-жағынан болса да туризмді дамытуға сұранып тұр. Статистика бойынша әлемде туризмнен түсетін кіріс экспорттың 10%-ын құрайды екен. Көш басындағы елдер сол үшін де туризм саласын дамытуға бар күшін салады. Біздің елімізде бұл сала кенжелеп тұрғандықтан, мәселе мемлекеттік деңгейде көтеріліп келеді. Себебі Қазақстанның далалы аймағы климаттық және географиялық жағдайы туризмді ...

Толығырақ »

Марат Жүндібаев Қостанай қаласының әкімі болып тағайындалды

Қостанай қаласы мәслихаты депутаттарының келісімі бойынша және облыс әкімі Архимед Мұхамбетовтің өкімімен Жүндібаев Марат Қонысбайұлы Қостанай қаласының әкімі болып тағайындалды, деп хабарлады tobyl-torgai.kz облыс әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.  М. Қ Жүндібаев Қостанай ауданы Новоселов ауылының тумасы, үш жоғары білімі бар. 20 жылдан астам Қостанай облысының жергілікті атқарушы органдарының құрылымдарында әртүрлі лауазымдарда жұмыс істеді, соның ішінде облыс әкімінің орынбасары болды, сондай-ақ Президент ...

Толығырақ »

Мәжіліс депутаттары Қостанай өңірін аралап жүр

Тобыл өңіріне ат басын тіреген мәжілісмендер Лисаков қаласында болып, әлеуметтік нысандарға барды деп хабарлады tobyl-torgai.kz «Астана» телеарнасына сілтеме жасап. Заманауи  жабдықталған  қалалық аурухананың ахуалымен танысып, дәрігерлердің хал-жағдайын сұрады. Толғандырған түйткілдерін тыңдады. Қаладағы теннис орталығы да теңдесі жоқ кешен. Жаңа нысан спортпен шұғылданатын жастарға жол ашып отыр. Жұмыс сапары барысында Мәжіліс өкілдері кеншілермен де кездесті. Партияның міндет-мақсаты, елдегі әлеуметтік-экономикалық тұрақтылық жөнінде сөз қозғады. ...

Толығырақ »

Қостанай облыстық ПД бастығының орынбасары тағайындалды

Қостанай облысының ПД кадрлық өзгерістер болды деп хабарлайды tobyl-torgai.kz. Ішкі істер министрінің бұйрығымен Қостанай облыстық ПД бастығының орынбасары лауазымына полиция полковнигі Ербол Бектұров тағайындалды. Бұған дейін Солтүстік Қазақстан облысы ПД тергеу басқармасының бастығы қызметін атқарған. Бектұров Ербол Еркебұланұлы 1976 жылы Солтүстік Қазақстан облысында дүниеге келген. ҚР МТК Қарағанды жоғары мектебін бітірген. Ішкі істер органдарында 1997 жылы тергеуші қызметін бастады. Петропавл ...

Толығырақ »

Архимед Мұхамбетов жайылымдық жерлердің тапшылығын төмендетуді тапсырды

Бүгін Қостанай облысының әкімі Архимед Мұхамбетов облыс әкімдігінің отырысын өткізіп, халықтың жеке қосалқы шаруашылықтарының қажеттіліктері үшін жайылымдық жерлердің тапшылығын төмендету бойынша қабылданып жатқан шараларды қарастырды деп хабарлады tobyl-torgai.kz. Қазақстан Республикасы Мемлекет басшысының ауыл халқына мал жаю үшін жайылымдық алқаптардың қолжетімділігі мәселелеріне қатысты тапсырмасын орындау үшін облыста бірқатар іс-шара жүргізілуде. Облыс халқының шаруашылықтарында 335,6 мың шартты мал басы бар. Оларды жаю үшін ...

Толығырақ »

«Ауыл — ел бесігі» бағдарламасы шеңберінде 62 жоба іске асырылды – Мұхамбетов

Бүгін Архимед Мұхамбетов облыс әкімдігінің отырысын өткізіп, оның барысында «Бизнестің жол картасы-2025» бизнесті қолдау мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасын іске асыру қорытындыларын қарастырды деп хабарлайды tobyl-torgai.kz. Мемлекеттік бағдарламаны іске асыруға 2021 жылы 7,1 млрд теңге бөлінді. Сондай-ақ өткен жылы 1 744 жобаны іске асыруға несиелерді субсидиялауға және кепілдендіруге 75,3 млрд теңге бөлінді. Біздің облыста «БЖК» жүзеге асыруды екінші деңгейдегі тоғыз банк және ...

Толығырақ »

Ахаңның Ақкөлі немесе ойдағы істер орындалса игі!

Біздің санамыздан талай жыл «алашордашылдар, «бай-құлақтар», «жапонның шпионы» және т.б. теңеулермен жазықсыз асып-атылған, жойылған интеллигенциямызды өшіртуге тырысты. Бірақ, халық жады мықты екен. Басқасын білмеймін, кішкентай кезімізде үлкендер есік-терезені тұмшалап жауып алып, белгісіз өлең жолдарын айып отыратын еді. Мектепке бармаған кезім, әкемнің: «Айнаның қарсы алдына Маймыл барып, Айнада өз суретін көре салып, Аюға жанындағы күліп айтты, Ақырын аяғымен түртіп қалып: «Бері ...

Толығырақ »

Тағы да Орталық-Батыс жолы туралы

Ел Президенті Өзінің 2021 жылғы 1 қыркүйектегі Жолдауында «Ең басты жетістігіміз – біртұтас ел болып, жаңа мемлекет құрдық. Іргемізді бекітіп, еңсемізді тіктедік. Халықаралық қауымдастықтың белді мүшесіне айналдық. Тұрақты қоғам қалыптастырып, орнықты даму жолына түстік.» деген еді. Біз – зиялы қауым болсын қарапайым халық болсын Президентіміздің еліміздің дамуы жолындағы жасап жатқан істерін әрқашан қолдаймыз және алдағы уақытта да қолымыздан келгенше жәрдемдесе ...

Толығырақ »

«Ахмет. Ұлт ұстазы» телехикаясын көргеннен кейінгі ой

Сонымен ұлттық арнадан өткеннен бері айтылып, жарнамасын көріп асыға күткен «Ахмет. Ұлт ұстазы» телехикаясын көріп шықтық. Продюсері – Айсәуле Әбділдаева, сценарий авторлары – Мұрат Есжан мен Ұларбек Нұрғалым. Басты рөлде Байғали Есеналиев. Көрдік. Көргенде ойға не түйдік? Енді соны айтайын… «Біткен істің сыны көп, бітірген ердің міні жоқ» деген сөз бар. Телехикаяны түсірушілердің осы істі игі мұрат, жақсы оймен қолға ...

Толығырақ »

Мамин Қостанайда жаңа өндірісті іске қосты

Премьер-министр Асқар Мамин жұмыс сапарымен Қостанай облысына барып, онда жаңа өндірісті іске қосты. Сондай-ақ өңір тұрғындарына мемлекеттік наградалар табыстады деп хабарлайды tobyl-torgai.kz, Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған салтанатты іс-шарада сөйлеген сөзінде А. Мамин Қостанай облысы жоғары аграрлық және өнеркәсіптік әлеуетке ие бола отырып, бүкіл елдің әлеуметтік-экономикалық дамуына елеулі үлес қосып жатқанын атап өтті. 1991 ...

Толығырақ »