Қостанай облысының өңір орталығынан кейінгі үлкен қаласы — Рудный, өткен аптада өзінің 65 жылдығын атап өтті. Атақты Соколов-Сарыбай тау кен байыту өндірістік кәсіпорны орналасқан аймақ. Тұрмысы бар, жұртының жағдайы жақсы, өндірісі дамыған қала, халқы шамамен 135 000 шамасында. Айтқандай, шаһар пайда болған жердің байырғы атауы — Сарыбай. Бірақ әңгіме қала атауы да, оның мерейтойы да туралы емес, қаланың тіпті жыр ...
Толығырақ »Таспа
Қостанайлық мүгедек азаматты Шымкентте қайыр сұрауға мәжбүрлеген
Шымкентте екінші топтағы мүгедектігі бар қостанайлық азамат қайыр сұрауға мәжбүр болған. Еріктілер оны бір күн бұрын полицейлердің көмегімен құтқарып қалды, деп хабарлайды tobyl-torgai.kz inbusiness.kz порталына сілтеме жасап. Қостанайда 18 маусымда Алтынсарин-Шевченко қиылысына жақын жерде 66 жастағы Владимир Волк жоғалып кеткен. Куәгерлердің айтуынша, оны екі әйел көлікке отырғызған. Shymkent_lider.kz еріктілерінің айтуынша, оны Шымкентке әкеліп, қайыр сұрауға мәжбүрлеген. Оқиға куәгерлері еріктілерге «Жоғарғы базар» ауданында осындай мүгедектер ...
Толығырақ »Қостанайда Қаңтар оқиғасына қатысқандар сот залынан босатылды
Қостанайдың №2 сотында қаңтар оқиғасына қатысты үкімді жарияланды. Рұқсат етілмеген митингіге қатысқан төрт азамат – Әмірбек Әнуханов, Ерназар Рамазан, Дамир Абулов және Андрей Бурдюк сот алдында жауап берді, деп хабарлайды tobyl-torgai.kz «ТоболИнфо«-ға сілтеме жасап. Оларға 5 қаңтарда Қостанайда жаппай тәртіпсіздікке ұласқан рұқсат етілмеген митингіге қатысты, сондай-ақ билік өкіліне күш қолданды деген айып тағылған. Сот процесі кезінде екінші айып алынып тасталды. 19 ...
Толығырақ »Торғайда 200 млн теңгеге салынған бөгет 2 жылда бұзылды (ВИДЕО)
Екі жыл бұрын республикалық бюджеттен 194 млн теңге бөлініп, қолданысқа берілген бөгет бұзылып жатыр деп хабарлайды tobyl-torgai.kz «Хабар-24» телеарнасына сілтеме жасап. Бөгет құрылысын Шилі ауылының халқы 30 жыл бойы күткен. Енді пайдасы болмай тұр. Жаңа бөгеттің тереңдігі бір метрге жетпейтіндіктен су әр жерде шалшық болып қалған. Күннен-күнге бетонды блоктардың астымен із тауып ағып жатыр. Қалғаны күзге дейін тартылып қалуы әбден мүмкін. ...
Толығырақ »Торғайдың болашағы – туризмде
Қостанай облысының Жанкелдин ауданы өңір аймағының 19 процентін құрайды. Жеріміздің үлкендегі оның ланшафтының әралуандылығына, жануарлар мен құстар әлемінің көптүрлілігіне алып келеді. Бұл ретте, аймақты дамытудың драйверлерінің бірі туризм десек артық айтқандық емес. Туризм демекші, Торғай туризміне түреннен жол салған ағайынды Амандық, Талғат және Жәнібек Әмірхамзиндер екенін бәрі біледі. Олардың «Тылсым Торғайға туры» жыл сайын өзге аймақ тұрғындары тарапынан қызығушылық тудырып, ...
Толығырақ »Қостанайда мекемеде намаз оқығандар жауапқа тартылды
Қостанай тұрғыны тарауық намазын заңсыз өткізгені үшін жауапқа тартылды, деп хабарлайды tobyl-torgai.kz. Оқиға биыл 27 сәуірде болған. «А» есімді азаматтың жетекшілігімен Қостанай қаласы, Съянов көшесі, 29-үй мекен-жайында орналасқан «Қостанай қайырымдылық» мекемесінің ғимаратында тарауық намазы өткізілген. Осылайша, ҚР заңнамасында дiни жораларды, рәсімдерді және (немесе) жиналыстарды өткізуге белгіленген талаптарды бұзған. Нақтырақ айтқанда, «Қостанай қайырымдылық» мекемесінің өкілі оған келушілер мен Қостанай өңірлік университеті ...
Толығырақ »Ахмет Байтұрсынұлының ауылында медициналық пункт пен жолдың құрылысы жүріп жатыр
Қостанай облысының әкімі Ахмет Байтұрсынұлының туғанына 150 жыл толуына дайындық бойынша кеңес өткізді, деп хабарлайды tobyl-torgai.kz. Кеңес барысында облыстық басқармалардың басшылары, Жангелдин ауданының әкімі, мердігер ұйымдардың өкілдері жоспарланған іс-шаралардың дайындық барысы туралы тыңдалды. Сондай-ақ Алматы қаласы мен Торғай ауылындағы Ахмет Байтұрсынұлы атындағы музейлердің директорлары сөз сөйледі. Бүгінгі таңда Ақкөл ауылында медициналық пункт пен Ахмет Байтұрсынұлы ауылына дейінгі жолдың құрылысы жүріп жатыр. ...
Толығырақ »«Бұл – жаңалық емес»: Қостанай көшелерін жаңбыр суы басып қалды
4 шілдеде Қостанайда толассыз жаңбыр жауып, салдарынан көшелерді су басты деп хабарлайды tobyl-torgai.kz. Әлеуметтік желіде көліктер мен автобустардың Гагарин көпірінің астындағы су басқан жолмен жүріп жатқан видеосы пайда болды. Қостанай облысның ТЖД мәліметінше, коммуналдық қызмет жағдайды қалпына келтіріп, қазір азаматтарға ешқандай қауіп жоқ. «Құбырлар бітеліп қалды. Коммуналдық қызмет шығып, құдықтар ашылды, судың бәрі кетті. Азаматтарға қауіп төніп тұрған жоқ, 101, ...
Толығырақ »Жанкелдин ауданындағы кәсіпкерлік: жетістіктері мен мүмкіндіктері
Қостанай облысының оңтүстік-батысында орналасқан Жанкелдин ауданы жер көлемі бойынша жалпы облыс аумағының бестен бірін құрайды, деп хабарлайды tobyl-torgai.kz. Кейде туған жер деген ұғымға, атамекеніңе қызмет ету туралы айтамыз, әрине, жалаң ұран ретінде қабылдаймыз, алайда сол аймақта тұратын адамдардың, бірінші кезекте, қызмет көрсетіп, жерлестерін жұмыспен қамтамасыз етіп отырған кәсіпкерлерге жеке тоқталғанды жөн көрдік. Туған жеріміздің гүлденгенін бәріміз де қалаймыз, бұл ретте, ...
Толығырақ »Архимед Мұхамбетов Денсаулық сақтау басқармасының кеңейтілген алқа отырысына қатысты
Бүгін Денсаулық сақтау басқармасының кеңейтілген алқа отырысы өтіп, оған облыс әкімі Архимед Мұхамбетов қатысты, деп хабарлайды tobyl-torgai.kz. Алқа отырысында Денсаулық сақтау басқармасы, Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті, «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ филиалының басшылары баяндама жасады. Өңір әкімінің instagram-парақшасында жазғанындай, облыстың денсаулық сақтау ұйымдарының желісі 47 мемлекеттік медициналық ұйымды құрайды, оларда 14 825 адам жұмыс істейді, оның ішінде 1 920 дәрігер және ...
Толығырақ »