Таспа

Жалған құжат жасаған қостанайлық

Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасы ҚР ҰҚК шекарашыларымен бірігіп жалған құжаттармен көлік жүргізген қостанайлықты ұстады деп хабарлайды ҚазАқпарат облыстық ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Тәртіп сақшылары заң бұзушыны Аят кеден бекетінде ұстады. «Күдікті «Mercedes-Benz» автомобилін жақында Челябіден сатып алғанын айтқан. Алайда, тұрғынды тергеу барысында оның жалған құжат жасағаны анықталды. Себебі сату-сатып алу шарты көліктің аталған азаматқа тиесілі екенін растамады» делінген ...

Толығырақ »

Қостанайлық мұғалімдердің жалақылары 100 мың теңгеге дейін өсті

Биыл Қостанай облысы мұғалімдерінің жалақысын көтеру үшін республикалық бюджеттен 3 млрд теңге бөлінді. Бұл туралы облыс әкімінің орынбасары Марат Жүндібаев айтты деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. «Елбасының биылғы Жолдауында сапалы білім берудің маңыздылығын арттыру жөнінде кеңінен тоқталды. Осы мақсатта облыс бюджетінің ауқымды бөлігі білім саласына жұмсалып келді. Бұған қоса қазіргі уақытта кадр дайындау ісіне көңіл аударып отырмыз. Әсіресе, математикалық бағытта оқытатын ...

Толығырақ »

Архимед Мұхамбетов Қостанайдың бас жоспарына өзгеріс енгізуді ұсынды

Қостанай облысының әкімі Архимед Мұхамбетов Қостанай қаласының бас жоспарына өзгеріс енгізуді ұсынды деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі. Қостанай қаласының әкімі Базыл Жақыповтың айтуынша, қалалық әкімдік Smart City концепциясы бойынша «Қостанай — ақылды қала» жобасын әзірлеуде. «Аталған жоба бірнеше интерактивті карта мен сызбадан тұрады. Бұл арнайы белгілер қаланың әр нысанын айқындауға мүмкіндік береді. Жоба екі жылға шақталған. Биыл бұған 200 млн ...

Толығырақ »

Қостанайлық спортшылар ай сайын ақшалай төлем алады

2017 жылы облыс бойынша 8500-ге жуық спорттық іс шара өткен. Бұл туралы облыстық әкімдікте өткен жиында Дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Евгений Вильямс мәлімдеді деп хабарлайды ҚазАқпарат. 2017 жылғы мәлімет бойынша, облыстағы 260786 адам бұқаралық спортпен айналысады. Бұл көрсеткіш алдыңғы жылмен салыстырғанда айтарлықтай жоғары. «Жанкелдин ауданы тұрғындарының 47,4%-ы спортпен шұғылданады. Ал Науырзым ауданында осы көрсеткіш 44,5%-ға тең. Облыс бойынша ...

Толығырақ »

Қостанайда қоғамдық көлік жолақысы 100 теңге болады

Қостанайда ақпаннан бастап қоғамдық көлікте жүру жол ақысы 100 теңге болады. Ал қала қала сыртына шығу құны 100 теңгеден асады. Бұл туралы Қостанай қаласы әкімдігінің өкілі Алексей Тарасов мәлімдеді деп хабарлайды Kstnews.kz. «2017 жылы қарашада барлық автомекемеден қоғамдық көліктерден жол ақысы құнын көбейту туралы қарастыруды өтінген құжат түсті. Олар жанар-жағармай материалдары мен автобөлшектер бағасының өсуін негізге алған. Қостанайда ақпаннан бастап ...

Толығырақ »

Қостанайда емделуші аурухананың терезесінен секіріп кеткен

Қостанайдың қалалық ауруханасында ер адам төртінші қабаттан секіріп кетті. Бұл туралы alau.kz хабарлады. Оқиға 6 қаңтарда болған. Бұл ақпаратты аурухананың бас дәрігері Самат Шүменбаев растап отыр. Дәрігердің сөзінше, 44 жастағы азаматтың жағдайы қалыпты болған. Ал түсте оған жақындары келіп кеткен. «Дезориентация байқалған жоқ немесе қозуы болған емес. Ешкім мұндай болады деп күдіктенбеді. 4-қабаттың терезесінен секіріп кеткен. Неге олай жасағанын білмеймін. ...

Толығырақ »

Қостанайда мас полицей жол апатын жасады

Қостанайда мас полицей жол апатына түсті деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Қостанай облыстық ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Баспасөз қызметінің мәліметінше, 2018 жылы 4 қаңтарда сағат 00:42 шамасында «102» пультіне Гоголь көшесінің бойында «Лифан» және «ВАЗ-2115» автокөліктерінің соқтығысқаны жөнінде хабарлама келіп түскен. Оқиға орнына жол-патрульдік полиция қызметкерлері жетті. Гоголь көшесімен Баймағамбетов көшесіне қарай бет алған «ВАЗ-2115» автокөлігінің 26 жастағы жүргізушісі алдағы ...

Толығырақ »

Теңгенің 25 жылдығын кең көлемде атап өту керек — А.Мұхамбетов

Қостанай облысының әкімі Архимед Мұхамбетов төл теңгенің 25 жылдығын кең көлемде атап өтуді тапсырды деп хабарлайды ҚазАқпарат. ҚР Ұлттық банкі облыстық филиалының директоры Жомарт Қажырахымовтың мәліметінше, облыста теңгенің 25 жылдығына арналып ашық есік күндері, байқаулар, жиындар өтеді. Өз кезегінде Архимед Мұхамбетов те банк өкілдеріне ұсынысын айтты. «Теңгенің 25 жылдығын кең көлемде атап өту керек. Әуелі қаржы қызметкерлері жиылып, облыс орталығынан ...

Толығырақ »

Қостанайдан Түркияға теміржол арқылы жүк жөнелтілді

Бүгін тұңғыш рет Қостанайдан Түркияға теміржол арқылы жүк жөнелтілді. Бұл жүк Әзербайжан, Грузия мемлекеттерінің аумағы арқылы өтеді. Бұл туралы Қостанай жүк тасымалдау бөлімі директорының орынбасары Ғани Есенбаев хабарлады. Осылайша, мал азығы тиелген 38 вагон жаңа нарыққа жол тартты. Мұның ізін ала бидай мен ұн, өзге де ауылшаруашылық өнімдері экспортталады деп жоспарланып отыр. Бұл жөнінде ұзақ мерзімді келісімшарттарға қол қойылған. Жаңа ...

Толығырақ »

Қостанайда 1000-нан астам пәтер пайдалануға беріледі

«Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» келесі жылы «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасымен салынған мыңнан астам баспананы пайдалануға береді. Бұл туралы облыстық әкімдікте өткен жиында аталған банк филиалының директоры Дәурен Саудабаев мәлім етті деп хабарлайды ҚазАқпарат. Қостанай облысында жыл басынан бері аталған банк желісі бойынша 14 тұрғын үй пайдалануға берілген. Бұл нысандардың барлығы «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасының аясында салынды. Тиісінше, барлық тұрғын ...

Толығырақ »